Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...

Соңғы жылдары түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық жұмысымен айналысып жүрген жомарт жандардың саны өсіп келе жатыр. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...» демекші, біз қайырымдылық, жомарттық сынды игі қасиеттерді алға қоя отырып ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында кітапханамызда ұйымдастырылып отырған «25 жылдыққы-25 шара» акция аясында ауданымыздың көпбалалы отбасыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасын өткізген болатынбыз. Кітапхана ұжымының атынан Болатбаева Гүлбаһрамның отбасына, Өмірбекова Мейрамгүл Қалибекқызының отбасына,Түсіпбеков Сәкен Шынарбекұлының отбасына азық-түлікпен, сонымен қатар Белгитаева Майраға «Түркістан» газетіне, Рахимов Арыстанға, Қияшева Жанарға, Мусагулов Бүркітке «Тоқырауын тынысы» газетіне жазылуға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Алдағы уақыттада осындай игі шаралар жалғасын таба бермек.


Келулердің саны: 2882