Ақын, сазгер, журналист. 1961 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Бірлестік» колхозында (кейіннен «Жамшы» кеңшарының бөлімшесі) дүниеге келген. 1984 жылдан Балқаш қаласында тұрады. 1985-1990 жылдары «Балқаш түстімет» ӨБ қүрылыс-жөндеу цехында ағаш шебері, 1991-1999 жылдар аралығында «Балқаш өңірі», 2000-2002 жылдары «Сырлас» газеттерінде еңбек еткен. Қазір «Пулъс» газетінде қызмет жасайды. 2003 жылы Қарағанды қаласындағы «Арко» баспасынан «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы, 2009 жылы «Құлық Жалаңтөс (Соқыр) батыр ұрпақтарының шежіресі» кітабы жарық көрген. Жиырмаға тарта әндердің авторы. 2011 жылы Алматыдағы «Меломан» фирмасынан «Алтын анам» деп аталатын алғашқы аудиоальбомы жарыққа шықты. 1987 жылы «Халық шығармашылығының бүкілодақтық II фестивалінің лауреаты» төсбелгісімен, 1989 жылы Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр даусы», 1990 жылы облыстық «ұлытау үні» фестивальдерінің, 1989 жылы желтоқсан айында Шымкентте өткен Орта Азия мен Қазақстанның жанұялық ансамбльдері фестивалінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1998 жылы Балқаш қаласында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық ақындар мүшайрасының бас жүлдегері.
Әдебиеттері:
Келулердің саны: 2196
Ертегілер әлемі байқауынан ІІ орын
Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған көру қабілеті бұзылған…
Қазақ халқының зор ғалымы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Геолог- ғалым, минерология ғылымдарының…
Күш атасы - Қажымұқан
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан,…
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай Алаш алаңында кигіз үй құрып, дастархан жайылып, " Наурыз мейрамы құтты болсын!"атты кітап көрме…
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ - адамның ойлау қабілетін дамытатын математикалық ойын. Бұл ойынды Ыбырай, Шоқан сынды ғұламаларымыз халыққа дәріптесе, ұлы…