Наверх
Версия для слабовидящих

Ислам- бейбітшілік кепілі

Ислам- бейбітшілік кепілі

   Бисмилләхир Рахманир Рахим! Алла Тағаланың қалауымен қасиетті Рамазан айына да келіп жеттік. Бұл ай, расында, өте қадірлі де ерекше, мұсылман қауымы үшін берекелі де жолбасшы уақыт. Бұл жайында Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстасын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» делінеді. Демек, осы айда қазақ жұрты қадір тұтатын Құран аяттары түсіріліп, мұсылман халқына ораза парыз етілді. Сондай-ақ, бұл айда жолаушы жүрген азаматтар мен жүкті әйелдерге, сырқатты адамдарға жеңілдік бар.
   Осы Рамазан айында Ақтоғай ауданы орталық кітапханасында «Ислам- бейбітшілік кепілі» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті. Шараға кітапхана оқырмандары, ауыз бекіткен тұрғындары, жас отбасылар,мекеме қызметкерлері қатысты. Арнайы қонақ ретінде Ақтоғай ауданы орталық мешітінің бас имамы Тугетаев Ардақ Әділханұлы шақырылды. Кездесу кешінде Рамазан айының қасиеті,ораза ұстаудың сауабы, дін тазалығы, шариғат бойынша отбасылық мәселелер жайлы уағыз айтылып, қонақтардың сұрақтарына жауап берілді.
   Кеш соңында ауызашар дастарханы өткізілді. «Берекелі Рамазан» дастарханынан әртүрлі сала қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар дәм татып, ауыз ашты. Қасиетті Рамазан айының барша мұсылмандарға қабыл болуын тілеп, Сатекова Замзагул Кенескызы шынайы алғысын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Қонақтар ризашылығын білдіріп қайтты.


Количество посещений: 4169