Наверх
Версия для слабовидящих

Шуақты күндер

            Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапхана ұжымы мен оқырман қауымы кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратек және тактик, қазақ елінің батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыздың "Шуақты күндер" атты кітабына талдау жасады.

         Онда кітапқа оқырмандар өз көзқарастарын білдірді. Өзара пікір алмасып, ой бөлісті.

            Мақсаты: Қыз-келіншекетерге қарай бағытталып жазылған кітап болғандықтан салт-дәстүр, тәрбие маңыздылығына көңіл бөлу. Ішінде жазылған өсиет әңгімелер, ақыл-кеңестер, Зейнеп апаның мақал-мәтелдерді пайдалануы арқылы болашақ келін, аналарға тәрбиелк маңызы зор ақыл-кеңестерін оқырманға кеңінен насихаттау болып табылады. Шығарманы талдай отырып, қазақ келінінің қандай болу керектігіне ой түйіндеу.

            Көрнекілігі: Интерактивтік тақтадан слайд көрсетілді.


Количество посещений: 5426