Наверх
Версия для слабовидящих

Интернет орнына кітап

Ауандық  балалар  кітапханасында  «Интернет  орнына кітап» атты тақырыпта сұрақ – жауап  сайысы өткізілді. Сайысқа   Ә.Бөкейхан  атындағы  жалпы  білім беретін  мектебінің  6-сынып  оқушыларымен сынып  жетекшілері  Тусипханова Жансая,  Есимбек  Марслан  қатысты. Оқырмандар  «Интернет» және  «Кітап»  болып екі  топқа  бөлініп, қойылған  сұрақтарға жауап беріп  жарысты. Екі  топ  оқырмандары  бірдей  ұпай  жинап,  сайысымыз  қызықты болып  өтті.  Келген  оқырмандар ризашылықтарын  білдірді.

Мақсаты: Жастарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілдікті қалыптастырып, дамыту. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Кітап- адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап- біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймасы керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деген Абай атамыз «Кітап атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рөльге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық. Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. 


Количество посещений: 4020