Ақтоғай ауданының мәдениет үйінде, орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» аясында ұлағатты ұстаз, өлкетанушы Ақпанбаева Торғай апамыздың «Ақтоғайлық қос қыран» атты кітабының тұсау кесері өтті. Кітап Арқаның алтын бесігі-Ақтоғайдан шыққан, Ұлы Отан соғысының қос батыры – Қазбек Нұржанов пен Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толуына орай басылып шыққан. Кітапта батырлардың өмір жолдары, олардың фотосуреттері, Отан үшін еткен ерен ерліктері жайында, оларды ұлықтау мақсатымен кітапханаларда өткен шаралардан көріністер т.б. бар. Бұл тұсау кесерге батырлардың рухына тағзым ету, олардың есімдерін ұлықтау мақсатында орталық кітапхана тарапынан «Ұлы ерліктер мәңгі есте сақталады» атты кітап көрмесі қойылды. Кітаптың тұсау кесерінде аудан әкімі С.Әбеуова сөз сөйлеп, авторға алғысын білдірді. Тұсау кесер қос батырдың ұрпақтарының қатысуымен өтті.
Количество посещений: 1188
ІІ место в конкурсе "Мир сказок"
На областном конкурсе аудиосказок для детей с нарушениями зрения «сказочный мир», организованном Карагандинской областной…
Великий ученый казахского народа
Отделом читального зала районной централизованной библиотеки проведен информационный час "Зоркий ученый казахского народа",…
Күш атасы- Қажымұқан
Отделом читального зала районной централизованной библиотеки был проведен познавательный час среди читателей, посвященный первому…
С праздником Наурыз
В честь великого праздника -Наурыз на Алашской площади был устроен дом, накрыт дастархан и проведен круглый стол на тему: "с праздником…
Тогызкумалак
Тогызкумалак-математическая игра, развивающая мышление человека. В эту игру играли такие ученые, как Ибрай, Шокан, а также великий Абай…