![]() |
![]() |
Әлемді кітапсыз елестету мүмкін емес. Оған біз бала кезден үйрендік. Ол алдымызда өмірдің ғажайып құпияларын ашты және қиын сәттерде пайдалы кеңестер берді. Бір-бірімізді түсіне білуге үйретті.
Кітаптың маңызды мақсаты – ғасырлар бойы жинақталған білімді сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу.
Кітаптан алған білім біздің алға жылжуымызға мүмкіндік береді. Кітапты оқи отыра біз әлем әдебиеті жауһарларының ең үздік туындыларынан ләззат табамыз. Кітап - бұл қуанышқа кенелу. Ол адамның рухани дамуын биік шыңдарға жетелейтін жалғыз аяқ жол десек те болады. Әрбір халық өз елінің тарихын және ұлттық сана мен ұлт руханиятының қалыптасуына зор үлес қосқан өзінің ұлы көшбасшыларын ұмытпауы тиіс. Олар кешегі аласапыран заматта ерен еңбек етіп, болашақтың дамуына үлкен жол салды.
Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында Қазақстанда республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын.
Міне, он екінші жыл оқуға деген қызығушылықтың төмендеуіне қарамастан, бұл акция өзінің құрметті оқырмандарын тауып, жалпыға бірдей оқуға ұсынылған ақын-жазушылардың шығармаларын қызыға оқып, зерттеп, талқылап келеді. Осы кезеңдерде аталмыш акция аясында жалпыға бірдей оқуға төмендегі кітаптар таңдалып алынғаны белгілі.
• 2007 жыл - Абайдың «Қара сөздері»;
• 2008 жыл - М.Әуезовтың «Қилы заман» повесі;
• 2009 жыл - М.Жұмабаевтың лирикасы - «Жан сөзі»;
• 2010 жыл - Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы;
• 2011 жыл - Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы;
• 2012 жыл - Оралхан Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повестер мен әңгімелер жинағы;
• 2013 жыл - Ф.Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы;
• 2014 жыл - Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары;
• 2015 жыл - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы;
• 2016 жыл - Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы;
• 2017 жыл - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары.
Биылғы жылы акция форматының өзгертілуіне байланысты біз бірден 3 кітапты оқимыз. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты еңбектері. Кітаптар әртүрлі болғанымен оларды өмірдің қиындықтары мен күрделілігін іскерлікпен жеңіп шыққан авторлардың күрделі тағдырлары біріктіреді.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ.
![]() |
Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп жан сарайын байытқан Ш. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Шәкәрімнің рухани әлемі, шығармашылық мұрасының өне бойынан айрықша бір табиғи тұтастық аңғарылады. Рухани ізденістердің Шәкәрім шығармашылығынан алар орны ерекше. Өзінің бар өмірінде Шәкәрім өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Абай бағытын ұстанды.
Ш.Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Қазақ айнасы» сияқты оқиғалы дастандар, және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Жекелеген өлең, мақала, эсселері 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында және «Қазақ» газетінде жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасы, Хафиздің бірқатар өлеңдерінің аудармалары басылып шықты. А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларының аудармалары 1936 жылы Алматы қаласында «Әдебиет майданы» журналында жарияланды.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ. «ҰШҚАН ҰЯ».
![]() |
Кеңес Одағының Батыры, біртуар тұлға Бауыржан Момышұлының есімі ерлік пен өрліктің символы ретінде әрбір қазақстандыққа аян. «Ұшқан ұя» атты повесін Б.Момышұлы әскерде қызметте жүрген жылдарында жазған екен. 1956 жылы басылып шыққан бұл кітап Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Автор бұл шығармасында көшпелі дала жағдайында қазақ этнографиясын түсінікті әрі шынайы көрсетті.
Ол ата-бабасының шығу тегін, ерлік салтын, ұрпақ тәрбиесін, қарапайым ауыл адамдарының кісілік келбетін, мінез-құлқын, сол кездегі қоғамдық ортаны, әлеуметтік жағдайды, ізгі дәстүрімізді соғұрлым қызықты және көркемдеп жазды. Адамгершілік қағидаларға тұнып тұрған «Ұшқан ұяда» қаламгер отбасы, ұлттық дәстүр сынды асыл қасиеттер адам өміріне әсер ететін негізгі ықпал екендігін атап көрсетеді.
Өзінің естеліктерінде ол үй ішіндегі әрбір отбасы мүшелерін апа, әке, қарындастарының бейнесін ашып, оларды аңсаумен, сағынышпен еске алады. Шығармасында автордың тек өмірбаяны қамтылып қоймай, ішкі жан-дүниесі, ой-сезімі, арман-мүддесі, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы арқау болады.
НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВ. «ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ»
![]() |
Немат Келімбетов - түркология бойынша іргелі зерттеу еңбектерімен танылған белгілі қазақстандық ғалым, ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер, шебер аудармашы, филология ғылымдарының докторы. Еңбектері айқын да, терең философиялық ойларға толы.
Сәтсіз жасалған операциядан соң 10 жыл төсекке таңылса да, өмірге деген шексіз құштарлығын, қайсарлығын жоғалтпаған. Ол осы жылдар бойы әдеби еңбектермен және аудармалармен айналысып, шығармашылық қызметін жалғастырды. Қиындықтарды еңсеріп, ғылымды, әдебиетті тереңге алып кететін шынайы да нәзік жазылған үлкен-үлкен монографияларды дүниеге әкелді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы туралы және ежелгі дәуір жәдігерлері жайлы өте құнды да, бағалы еңбектер жазды.
Жазушы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» деп аталатын хикаят-монологында ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандарының монологтары арқылы берілген.
Қазақ әдебиетінің абыройын асырған осы әдеби шығармасы үшін ғалым-түркітанушы және академик Немат Келімбетов Еуропадағы танымал әдеби жүлделердің бірі – Франц Кафка қоғамының наградасын жеңіп алды.
http://www.cbssemey.kz/index.php?id=85&lang=kz&option=com_content&view=article
Количество посещений: 7369
Моя профессия - мой выбор
Сегодня при поддержке Управления культуры, архивов и документации Карагандинской области в кинотеатре «Сарыжайлау» состоялось…
Почетный гражданин Сарыаркы
В Актогайской районной библиотеке состоялась презентация книги "Сарыарканың текті азаматы", посвященной 60 - летнему юбилею генерал-майора…
Читающая нация
В целях пропаганды проекта" читающая нация", формирования традиции чтения книг учителям и учащимся общеобразовательной школы…
Қарғын
Отделом читального зала районной библиотеки с членами Жыр - шедеврального клуба, среди читателей библиотеки была обсуждена книга “…
Книжная школа
По проекту" книжная школа " мы привезли и ознакомили учащихся школы имени А. Бокейхана с книгами, которые будут представлены…
Гюго .В. Аласталғандар
Хьюго .В. отстраненные/В Гюго, ауд. Захбдешов.- Нур-Султан.Фолиант. Том 1. Роман .2020.-736 С. Как и в других произведениях великого французского…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. изгнанники / Виктор Гюго, ауд. С. Абдрахманов. - Нур-Султан. Фолиант, том 2.2021.-672 С.Роман французского писателя Виктора Гюго…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Муканов Сабит . Падающая звезда . роман / С. С. Муканов.- Нур-Султан. Фолиант, книга 1.- 2021.-448 С.С. Муканов много лет глубоко изучал жизнь и…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. В объятиях надежды . роман / Ч. Диккенс, ауд. Г.Исмагулова.- Астана. Фолиант, 2023.-488 С. Произведения английского писателя…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Мышление . Новая психология успеха. Алматы. Общественный фонд "изложение", 2021. -260 С. Измените свое мышление, если хотите, чтобы…