Ақтоғай ауданының Шабанбай ауылында 1932 жылдың 21 қыркүйегінде туған. Ол еңбек жолын мектеггте оқи жүріп жалғастырған. 1952 жылы мұғалімдер институтын, 1962 жылы педагогикалық институтты бітірген. 1952-55 жылдары аудандық оқу бөлімінің бастығы, мектеп инспекторы, 1955-57 жылдары аудандық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгеушісі. 1957-60 жылдары Сәуле сегізжылдық мектебінің директоры.
1961-64 жылдары аудандық "Қызылту" газетінің редакторының орынбасары, білім меңгерушісі, 1964-70 жылдары аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, хатшысы қызметін атқарды.
1970-76 жылға дейін аудандық оқу бөлімі жайындағы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
1976-80 жылдары Ә. Бөкейханов атындағы орта мектептің директоры. 1981-85 жылдары облыстық "Жезқазған туы" газетінің Ақтоғай-Шет аудандары бойынша меншікті тілшісі, 1985-92 жылдары Ақтоғай сырттай оқытатын орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.
Қасымхан Қаленов ұлы Отан соғысы жылдары еңбек еткені үшін "Еңбектегі ерлігі үшін", "Тың игергені үшін", ұлы Отан соғысының 30,40,50 жылдағы медальдарымен марапатталған. Ауданның құрметті азаматы (1999 ж.), Қазақ республикасы халық ағарту ісінің озаты (1974 ж.). Ол ұстаз, қайырымды қаламгер, ақын. Ауданда ақындар айтысын ұйымдастырушы, өзі де жиырмаға жуық ақындар сайысына түскен.
Количество посещений: 1932
ІІ место в конкурсе "Мир сказок"
На областном конкурсе аудиосказок для детей с нарушениями зрения «сказочный мир», организованном Карагандинской областной…
Великий ученый казахского народа
Отделом читального зала районной централизованной библиотеки проведен информационный час "Зоркий ученый казахского народа",…
Күш атасы- Қажымұқан
Отделом читального зала районной централизованной библиотеки был проведен познавательный час среди читателей, посвященный первому…
С праздником Наурыз
В честь великого праздника -Наурыз на Алашской площади был устроен дом, накрыт дастархан и проведен круглый стол на тему: "с праздником…
Тогызкумалак
Тогызкумалак-математическая игра, развивающая мышление человека. В эту игру играли такие ученые, как Ибрай, Шокан, а также великий Абай…