Наверх
Версия для слабовидящих

Багдат Мубарак

Бағдат Мүбәрак - 1978 жылы, 17 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Ақтоғай селосында туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін 1998 жылы тәмамдаған. Қалалық «Балқаш өңірі», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде және «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, «Қазақ радиосында» қызметтер атқарған. Облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрген.

     "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Бағдат Мүбарактің шығармашылығын насихаттауға арналған "Өлең десе, өртенеді өзегім" атты байқауын онлайн-форматта ZOOM платформасы арқылы өткізді. Іс-шараны мадератор Жәлел Шалқар  Қуандықұлы жүргізді. Байқаудың демеушісі, ҚР Білім меценаты, "Алтын Жүрек" ұлттық сыйлығының және ҚХА "Бірлік" алтын медалінің иегері, Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Қомарұлы Алтынбеков байқауды салтанатты түрде ашты. Байқаудың қазылар алқасы: Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, "Қасым" республикалық әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы, ақын, жазушы - Серік Сағынтай, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі,  "Дауыс" жыр кітабының авторы - Қайрат Асқар, ақын, ұлағатты ұстаз, "Жүз бағы", "Жанымның мөлдір тамшысы", "Ай дидарлы арманым" жыр жинақтарының авторы - Айнұр Тұрмағанбетқызы Жаппарқұлова, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры - Дина Базарбайқызы Аманжолова, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы - Жансая Жанғазыұлы Жарылғапов. Байқауға өздерінің бақтарын сынауға 30 үміткер өтініш білдірді. Ең үздік болып, бас жүлдені ұтып алған №61 ЖББОМ 11 "А" сынып оқушысы Мұрат Дильназ 100 000 мың теңге сертификатқа ие болып, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің  математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенті Әуеспек Айғаным Сүйенішқызы 2 орынды қанжығасына байлап, 60 000 мың теңге сертификатына ие болды. Ал №39 гимназияның 9 "Б" сынып оқушысы Тұрсынбай Арсанат Айдарұлы мен Қарағанды техникалық университетінің химия және химиялық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Найзабаев Ақжол Арманұлы 35 000 мың теңге сертификатына ие болды. Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалының меңгерушісі Балдаева Айғаным Ерланқызы; академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология  факультеті журналистика кафедрасының 2 курс студенті Хашхынбай Жанбота; "Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі" КМҚК  қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің 4 курс студенті Мұстафина Айсұлу Қанатқызы; академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мәдени-тынығу  мамандығының 1 курс студенті Ауданбаева Құндызай Ауданбайқызы; №65 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Ахмет Ақниет Қаныбекқызы; Қарағанды техникалық университетінің 2 курс студенті Фазыл Қазбек Жетпісұлы алғыс хаттармен марапатталды.

            «Поэзия әлемінде» - Бағдат Мүбәрак

Қалалық «Балқаш өңірі», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде және «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, Қазақ радиосында қызмет еткен.

Облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрген. Назарларыңызға ақынның бір топ өлеңдерін ұсынамыз.

Қаршадай қыз

Қаршадай қыз,

Жиі баққа барамыз, шаршамаймыз.

Бірімізге айта алмай сырымызды,

Түк таппаған адамдай тал санаймыз.

Есте қалар күніміз бүгін дейміз,

Бәденді едің бәйшешек бүріндей қыз.

Бір қоштассақ айырылып қалатындай,

Таң рауандап атқанша гүл іздейміз.

Иран бағым,

Қалай сонда кеудеме сиған жаным?

Иман жүзің ып-ыстық сүйген кезде,

Ибалылық белгісі қиналғаның.

Мамықтай маужыратып жасыл желек,

Кеудеме кеп төсенді басың кенет.

Жұбатуға сөзім жоқ кемсеңдейсің,

Қаршадай қыз, не деген жасың көп ед?

Сосын түк те айтпаймыз ақтарылып,

Өше берсе қайтеміз жаққан үміт.

Маңайыңа қарайсың мұңға батып,

Бақыт тауып алардай бақта жүріп.

Айдыныңда алаңсыз тәуір сырғып,

Қанатыңды алмашы қауырсын ғып.

Өріктей өңің сынып отырғаның,

Құдай-ау, жүрегіме ауыр сұмдық.

Шықпай жүрсің шерменде боп түсімнен,

Сонда бізді табиғат тек түсінген.

Күрт құлазып қаңғыбас бұлт жылады,

Найзағай да суретке көп түсірген.

Ғашықтар мен тағдырдың арбасқанын,

Аңғардың да түсіндің алғаш жаным.

Жаңбыр емес, көз жасы ол періштенің,

Сол ғой саған күйзелген, ал басқа кім?

Жаратқаным, жар болшы жандарға әсем,

Қаршадай қыз, аман бол жалғанда сен.

Жұбатуға өзіңді бір-ақ жол бар:

Мені ұмыт, көрсең де аңғарма сен,

 ...таңқалмас ем.

ӨКСІК

Алматы,

Гүлзар бағы,

Самал – әтір,

Санама селкеу салған қала кәпір.

Жыр қанат қомданады деген арман,

Сырғанап жанарымнан бара жатыр.

Ақындар,

Кімге абырой әперген мұң?

Шіркін-ай, құлдыраса пәтерден құн.

Жанымның қиналарын біліп тұрып,

Тәнімді әрең сүйреп әкелгенмін.

Қалай арулады екен дәті шыдап?

Көрге құлай бергендей, қапы сұлап.

Біздің буын – жалғасы Кеңшіліктің,

Кеңсайға жерленбейді ақы сұрап!

Ауыл-ай, аңғал ұлдың кетті бәрі,

Аз жазып, іштен байғұс көп тынады.

Айтуға құрғыр жүрек дауламайды,

Қайтуға жібермейді беттің ары.

Құрдымға кеткен қоғам құбыл ама?

Құлай берген дұрыс-ау, құбылаға.

Өгей ұлдың өксігі демесеңіз,

Өлең деуге бола ма мұны да, аға?

Пайдаланған әдебет:

1)    Балқаш аймақтық ақындар антологиясы / құраст.: Ж.Башар. – Алматы: «Исламнұр» баспасы, 2013. – 344 бет. ISBN 978-601-7295-06-6

Интернет қамбалары:

1)    http://adebiportal.kz/authors/m-b-rak-ba-dat-/ Мүбәрак Бағдат

2)    http://ortalyk-kaz.kz/publ/zhas_anat/zh_regime_jytyp/13-1-0-775 Бағдат  Мүбарак.

3)    http://massaget.kz/debiet/poeziya/15634 Бағдат Мүбәрак: "Біздің жұлдыз жанғанша кім бар, кім жоқ..."

4)    http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=101&CURENT=&ARTICLE=3011 БІЗДІҢ ЖҰЛДЫЗ ЖАНҒАНША, КІМ БАР? КІМ ЖОҚ?..

5)   file:///C:/Users/%D0%90%D0%B1%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82/Pictures/Bagdat_baigeli_boldy.pdf БАҒДАТ БӘЙГЕЛІ БОЛДЫ

6)    http://www.shuak.kz/kaz/index.php?option=com_content&view=article&id=400:2013-06-19-05-18-30&catid=64:2009-12-18-08-14-16&Itemid=87 Жас ақындар

7)    http://www.zhasalash.kz/ruhaniyat/5791.html Оқырман шығармашылығынан

Количество посещений: 761