Наверх
Версия для слабовидящих

Редкие книги и рукописи электронной библиотеки

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың электронды қоры

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры туралы / 

Қазақ кітаптары http://www.nlrk.kz/page.php?page_id=817&lang=1

Қазақ кітаптары

   Қазақ кітаптары топтамасы Ұлттық кітапхана қорының құнды құрамы болып табылады және ҚР кітап ескерткіштеріне жатады. Олар – араб және латынграфикасымен басылған қазақ кітаптары. Қазақстанда жазу реформасы оншақты жылдың көлемінде (1929–1940 жж.) екі рет жүзеге асырылды: 1929 жылға дейін қолданылған араб графикасынан латынға, 1929–1940 жылдарықолданылған латын графикасынан кириллицаға көшірілді. Араб графикасыменбасылған 1841–1932 жылдар аралығын қамтитын қазақ кітаптарының саны – 1500, латын графикасымен басылған 1926-1941жылдар аралығын қамтитын қазақ кітаптарының саны – 3500 аталым.

   Жәдігерлердің ішінде аты әлемге танымал Шоқан Уалихановтың (1835-1865), Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889), Абай Құнанбаевтың (1845-1904) кітаптары бар.

    Араб графикасымен басылған қазақ кітаптарының ішінде көпшілік біле бермейтіндері де кездеседі. Оған ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында өмір сүрген мұсылмандық дүниетанымдағы жазушылар Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Шәді төре бин Жиһангер, Кашшаф-уд-дин Шахмардан, Шайхислам ұлы Жүсіпбектің кітаптарын жатқызуға болады.

   Қазақ кітаптары топтамасында репрессия құрбандары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмухамедов, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен шығармалары бар.

   Латын графикасымен басылған қазақ кітаптары топтамасында қазақтың классик жазушылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов,  Жамбыл Жабаев, Ғабит Мүсірепов, Тайыр Жароков, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбділдә Тәжібаев, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы бар. Белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдары Ж.Сәдуақасов, Т. Рысқұлов, А. Лекеров, М.Ақынжановтың т.б. шығармаларының алғашқы басылымдары сақтаулы.

   ҚР Мемлекеттік «Мәдени мұра» (2005-2007) бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорында жоқ араб графикасымен басылған қазақ кітаптарымен едәуір толықтырылды.

Сандық түрге көшірілген араб графикасындағы қазақ  кітаптарының тізімі

Сандық түрге көшірілген латын графикасындағы қазақ  кітаптарының  тізімі


Количество посещений: 11916