«Құрметтейік қарттарды»
Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапханасында 1- қазан Халықаралық қарттар күніне байланысты «Құрметтейік қарттарды» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата — баба аманатына адал, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Бала кезімізде ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің “Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл қылықтарына күле қарап, кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтінбіз. Сөйтсек қарттар сөзінің жаны бар екен. Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық. Біреулер шал тартқан шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына айналса, кейбіреулердің бала шағаның берекесін қашырып жүріп берекесіз шал-кемпір атанатыны шындық. Қалай дегенде де Алланың берген ғұмырын әркім өз ақыл-парасатымен мәнді етпек.
Сондай ақыл-парасаты жарасқан қазына қарттарымыз кітапханамыздағы ақ пейілімізбен, ақ дастархан жайып қарсы алған кешіміздің сыйлы қонағы боп қайтты. Олар: Әбілқасымов Қажымхан, Балқыбеков Болат, Бакиров Оңғарбай ағаларымызбен, Ақпанбаева Торғай, Сейітова Рымбасар, Жухина Ғайни, Шерубаева Қарғаш, Бауымбекова Оралтай, Жұмабаева Қарлыға апаларымыз қатысып, өмір жолындағы өнегеге толы әңгімелерімен бөлісті. Замандастар бас қосқан жиында сол кездегі естеліктер айтылып, қызықты сәттерге саяхат жасалды. Қарттарымыз жарасымды әзіл, салиқалы ой-пікір өрбітті. Кітапханамыздың зейнеткер оқырмандары « Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалап, қорымызға жаңадан толыққан әдебиеттермен танысты. Қарияларымыздың төл мерекелеріне арнап, ұжымымыздың атынан қелген қонақтарға және қасиетті қара шаңырық, кітапханамызда ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққан әріптестерімізге шағын сыйлықтар табысталды.
Бүгінгі жас, ертеңгі — қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері — батасыз, анасыз үйлері — панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық, төрімізде отыруының өзі бір бақыт. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы — ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр»,— деген. Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық!
Количество посещений: 4927
В честь 20-летия (2005 г.) книги сказок «Үйшікей»
В честь 20-летия (2005 г.) книги сказок «Үйшікей», организованной районной детской библиотекой, учащиеся 4 «а» класса…
Нет коррупции
Куаныш сельская библиотека организовала и провела книжную выставку «Нет коррупции», направленную на формирование…
Қазақ поэзиясының пырағы
В честь 90-летия со дня рождения народного писателя Казахстана, поэта Кадыра Мирзы Али отделом читального зала районной…
коррупция
В Актогайской районной библиотеке была организована и презентована книжная выставка…
30 лет маслихатам Казахстана
К 30 - летию маслихатов Республики Казахстан в Доме культуры отделом читального зала была организована передвижная книжная выставка на…
Гюго .В. Аласталғандар
Хьюго .В. отстраненные/В Гюго, ауд. Захбдешов.- Нур-Султан.Фолиант. Том 1. Роман .2020.-736 С. Как и в других произведениях великого французского…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. изгнанники / Виктор Гюго, ауд. С. Абдрахманов. - Нур-Султан. Фолиант, том 2.2021.-672 С.Роман французского писателя Виктора Гюго…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Муканов Сабит . Падающая звезда . роман / С. С. Муканов.- Нур-Султан. Фолиант, книга 1.- 2021.-448 С.С. Муканов много лет глубоко изучал жизнь и…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. В объятиях надежды . роман / Ч. Диккенс, ауд. Г.Исмагулова.- Астана. Фолиант, 2023.-488 С. Произведения английского писателя…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Мышление . Новая психология успеха. Алматы. Общественный фонд "изложение", 2021. -260 С. Измените свое мышление, если хотите, чтобы…