Наверх
Версия для слабовидящих

« Машақ 200 жыл» атты шежіре жинақ

Еңбегін ел тәуелсіздігінің 25жылдығына, Алаш қозғалысының 100 жылдығына, саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына арнаған Мәшекең бабасының жүріп өткен өмір - тарихын, ерлік - істерін, арман - аңсарын, барша болмысын, жан әлемін, ерекше салтанатпен паш еткен Машақ Жантөбетұлының келіні, өткеннің жоқшысы, бүгінде қадірменді ақ жаулықты әже, көнекөз қария Зәпура Шәретқызы тарихи –деректі, танымдық жазбалардан құралған «Машақ болыс» деп аталатын кітап жазып, «Заманының заңғары – Машақ болыс» атты бейнефильм түсірді. Ал Машақ ұрпақтары болса, « Машақ 200 жыл» атты шежіре жинақ құрастырып, жазып шықты. Осы ғылыми – деректі танымдық кітаптың салтанатты түрде ашылуы болды.
Кітапта бір әулеттің үш ғасырға жуық тарихы әпсана –аңыздар, тарихи деректер, шежірелік тәсілдер арқылы өріліп, Қазақ елінің қалыптасу кезеңі тарихи деректермен шебер баяндалған. 
Үш ғасыр ішінде өткен бұлғақтар мен сүргіндерге қарамастан бұл әулет бүгінгі күні - терең тамырлы бәйтеректей қанатын кеңге жайып, өсіп, өнген ұрпақ . Автор осы баяны арқылы Қазақ елінің мәңгілік идеясын паш етеді. Бұл еңбек ел мен елді табыстыратын, ел мен елді туыстыратын сүбелі дүние.
ХІХ ғасырда кең байтақ Сарыарқада Қаракесек- Әлтеке –Сарым рулары орналасқан жерлерді – « Тоқырауын болысы » деп атайды. Бұл мекендер қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты жерлер. Осы мекеннің белгілі де белді тұлғасы – Машақ Жантөбетұлы 1815 жылы дүниеге келген. Баяғы хандық дәуір жойылып, қиын-қыстау кезең орнаған шақта 33жыл болыс болған. Мәшекеңнің алғашқы қызметі 1855 – 1858 жылдары би боп сайланғаннан басталған.
Машақ болыс – ел іргесін бекемдей ұстап, ынтымақпен бірлікті ту етіп көтерген тұлға. « Бірліктің киелі тамшысы, елдіктің телегей – теңіз мұхитына айналсын» - деп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған жан. Тілі басқа, діні басқа адамдар талауына түскен елдің шашауын шығармай қалың елді соңынан ерте білген қоғам қайраткері деп тануға тұрарлық тұлға. 
Кенесары Қасымовтай қазақтың соңғы батыр ханы тұсында ұлт – азаттық қозғалысқа қатысқан. Қозғалыстың бірден бір қолдаушысы болған ағайындылар : Әйнек батыр мен Мәшекең. Әйнек батыр бастаған Есболай, Өтеген руларының қырғыз жеріне қоныс аударуының себебі ұлт – азаттық қозғалыс жағдайымен тікелей байланысты еді.
... «бұл еңбек дүниетанымымызды кеңейте түсетін,ұлттық салт-дәстүрімізге қаныға түсетін,жазба деректермен бекітілген ел аузындағы тарихтың шынайылығына көзімізді жеткізе түсетін құнды еңбек.Олай болса,бұл кітапқа ақ жол тілеймін»-деп,кітапқа рецензия жазған белгілі жазушы-өлкетанушы,облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйылғының иегері,ҚР Мәдениет саласының үздігі Оралбек Жүнісұлының сөзімен қорытындылаймыз


Количество посещений: 2927