Наверх
Версия для слабовидящих

Коворкинг орталығы ашылды

Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «КОВОРКИНГ орталығы» ашылды.
Коворкинг дегеніміз – кітапханадан арнайы бір бөлмені оқырмандарға сай етіп әзірлеу. Яғни мобильді стандарт бойынша жабдықталады. Коворкинг орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырады. Бір сөзбен айтқанда кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық болмақ. Сондықтан мұндай орталықтарды құру әрі олардың санын көбейту заман талабынан туындап отыр.
Кітапханадағы коворкинг орталығы арқылы оқырман тегін ғаламтор желісіне кіріп жұмыс жасауға, аталмыш бөлмеде жабдықталған компьютер, планшеттермен қатар өзінің де гаджеттерін пайдалануға, ашық wi-fi пайдалануға, оқырманға қолайлы болу үшін жабдықталған жұмсақ жиһаздар мен пуф-креслоларда отырып жұмыс жасауға, бөлмедегі теледидар арқылы кітапхана жарнамалары мен QR-код арқылы онлайн режимде оқуға болатын кітаптарымен танысуға және тағы да басқа ақпараттармен танысуына мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар балаларға арналған бұрышы әртүрлі ойыншықтармен, иойындармен пуф-кресло, кітапқа арналған сөрелермен, үстелдермен қамтамасыз етілген. Балалар келіп ойнауына, кітап оқуына немесе сабақ оқуына, не болмаса сүйікті бір ісімен айналысуына болады.
Келер жылы балаларға жеке бөлме ашу, бұл орталықты ноутбуктар мен дербес компьютерлермен, маркерлі тақта және т.б құрал-жабдықтармен жабдықтау, кітапхананың электронды қорын пайдалануға мүмкіндік беру жоспарда.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы қатысты. Бұл шараға тұрақты оқырманымыз, қарт ұстаз, өлкетанушы  Ақпанбаева Торғай апамыз қатысып, қонақтар мен оқырмандарға өзінің ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, балалар кітапханасының үздік оқырманы Амина есімді оқушымыз да өз жылы лебізін жеткізді.

Тілек-пікірлер айтылғаннан кейін кітапханаға экскурсия жүргізіліп, К.Байсейітова атындағы тірек мектебінің ұйымдастырумымен тренинг және балалар кітапханасының кітапханашысы Жампейсова Айзаданың ұйымдастыруымен кіші оқырмандарға арналған ойын ойнатылды.


Количество посещений: 2786