Наверх
Версия для слабовидящих

Біз алғыс айтамыз

...

Аудандық балалар кітаханасында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Біз алғыс айтамыз» атты тақырыпта Ә. Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектебінің жанындағы балалар интернатының тәрбиешісі Шынарбек Нұрайлымның жетекшілігімен 2-8 сынып оқушыларымен «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,  ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатымен сұрақ – жауап кеші өтті. Оқырмандарға Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Сіз осы мейрамды тойлайсыз ба? Алғыс, ризашылық туралы қандай қанатты нақыл сөздерді білесіз? Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? Ризашылық дегеніміз не? Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді ? деген сұрақтарға Нығыман Жарас, Ыбыкен Айша, Муталиев Мейрамбек , Бекзатқызы Сымбат, Айтжанов Исахан, Сағатбек Жансұлтан, Полатов Бекнұр, Скурачиев Мирастар қойылған сұрақтарға жауап берді.


Количество посещений: 1347