Наверх
Версия для слабовидящих

"Бабамның аманаты-Тәуелсіздік" мерекелік кеш

Аудандық кітапхана мен өнер мектебінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына бірлесе ұйымдастырған «Бабамның аманаты – Тәуелсіздік » атты мерекелік кеш өтті. Кеште агротехникалық колледж қызметкері, директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қауазов Нұрғалы Қазкенұлы, жұмыспен қамту орталығының директоры Қасымхан Мирас Нұрғазыұлы, өз шаруасын дөңгелетіп отырған шебер, жеке кәсіпкер Кенжеғарин Мейрам Бүркітбайұлы қонақта болды. Келген қонақтар Тәуелсіздікке дейінгі тыныс-тіршілік пен тәуелсіздік алған күннен кейінгі жетістіктер жайлы айтса, өнер мектебінің шәкірттері ән мен күйден тарту етті. «Бабамның аманаты- Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі көпшілікке таныстырылды.

"Бабамның аманаты-Тәуелсіздік"


Количество посещений: 847