Наверх
Версия для слабовидящих

"Тәуелсіздікке 30 жыл"

...

Тәуелсіздік- бабалар аңсауы,ұрпақтың қолы жеткен киелі кезеңі. Тәуелсіздік таңбасы таста,қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.Тәуелсіздіктің 30 жыл толуына орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залы бөлімінің ұйымдастыру мен "Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы" атты агротехникалық колледж студенттерімен бірігіп дөңгелек үстел өткізілді.Онда Ынтымақты ұран,татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жеткені туралы айтылды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.Рухы биік,намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл мұраты- азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз екені туралы айтылып өтті.Сонымен қатар "Бабамның аманаты - Тәуелсіздік" атты кітап көрме ұйымдастырылып таныстырылды.


Количество посещений: 610