Рахымберлі Айбосынов 71 атқыштар дивизиясының 210 атқыштар полкында
атқыш ретінде Ұлы Отан соғысының тарихында аса қиын шайқастарда, Курскі иінінде төрт жылдай соғысқан. Шынтағынан жараланып, одан кейін оң жақ құлағын оқ жұлып әкетіп, госпитальге түседі. Соғысқа жарамайтын болған соң, 1946 жылы елге қайтарады.
-1941 жылдың 21 маусымында неміс басқыншыларының КСРО-ға қарсы соғыс жариялауына байланысты біздің отбасының да үш бірдей азаматы майданға аттанған екен. Әкем Күшік- бай, інілері Рахымберлі мен Нығметжан сөйтіп, Отан үшін кеудесін оққа төсеп, елін қорғағандар сапында болды. Өкінішке орай, әкем мен інісі Нығметжанға қайтып туған жер топырағын басу маңдайларына жазған жоқ. Бұдан асқан қандай қасірет болуы мүмкін біз үшін?! Әйтеуір Рахымберлі ағамыз дәм жазып, соғыстан қайтып оралды. Соғыс дегеннің атын естіген біз оның ел басына әкелген қасірет-зардабын да көріп, тауқыметін тарттық. Ұйқы-күлкіні ауылда қалған үлкендермен қатар ұмытып, көзімізді тырнап аша салып, күн ұясына батқанша бел жазбай, ауыр жұмыстарды атқаруымызға тура келді. Әкемнің әкесі қарапайым шаруа адамы болған. Осы отбасында 1920 жылы Қорғантас ауыл советіне қа- расты «Чапаев» колхозында дүние есігін ашқан ағамыз Рахымберлі Айбосынов та со- ғысқа дейін колхоздың әртүрлі шаруаларында жұмыс істеді. Әлі үйленіп те үлгермеген жас жігітті 1942 жылы әскери комиссариат әскер қатарына шақырып, үлкендеріміз улап- шулап шығарып салғаны есімде. Оның 71 атқыштар дивизиясының 210 атқыштар полкында атқыш ретінде жауды жоюға қатысқаны, Ұлы Отан соғысының тарихында аса қиын шайқастар жүрген Курскі иінінде төрт жылдай соғысқаны туралы айтып отырған әңгімелері еміс- еміс есімізде. Шынтағынан жараланып, одан кейін оң жақ құлағын оқ жұлып әкетіп, госпитальге түседі. Қа- йыра соғысқа жарамайтын болған соң, 1946 жылы елге қайтарады. Елге келіп, көп жылдар бойы мал шаруашылығы саласын өркендетуге өзіндік үлесін қосты. Отбасын құрып, жұбайы Гүлзада екеуі ұл-қыздарын тәрбиеледі. Бірі еңбектің майталманы атанса, Гүлзада «Батыр ана» болды. Міне, соғыстан аман оралудың артықшылығын біз әулетіміздегі осы ағамыздың өнегелі ғұмыры арқылы сезіндік. Жауды жеңіп, Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі үшін «Отан соғысы» орденімен марапатталып, бейбіт күндердегі еңбектері де үкімет тарапынан үнемі бағаланып отырды. Қазіргі кезде менің де жа- сым 80-ге таяп қалды. Бала болып ойнай да алмаған біздер үшін бұл соғыс көкейден өшпейтін қасіретті жылдар еді. Туған жерден топырақ бұйырмаған, майданнан жаралы болып оралған әке-аға- ларымыздың есімі осы соғыс жылнамасымен бірге тарихқа енді. Біздің ендігі тілеуіміз: еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Әбіл Айбосынов, тыл ардагері, Ақтоғай ауылы.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
Количество посещений: 42
В честь 20-летия (2005 г.) книги сказок «Үйшікей»
В честь 20-летия (2005 г.) книги сказок «Үйшікей», организованной районной детской библиотекой, учащиеся 4 «а» класса…
Нет коррупции
Куаныш сельская библиотека организовала и провела книжную выставку «Нет коррупции», направленную на формирование…
Қазақ поэзиясының пырағы
В честь 90-летия со дня рождения народного писателя Казахстана, поэта Кадыра Мирзы Али отделом читального зала районной…
коррупция
В Актогайской районной библиотеке была организована и презентована книжная выставка…
30 лет маслихатам Казахстана
К 30 - летию маслихатов Республики Казахстан в Доме культуры отделом читального зала была организована передвижная книжная выставка на…
Гюго .В. Аласталғандар
Хьюго .В. отстраненные/В Гюго, ауд. Захбдешов.- Нур-Султан.Фолиант. Том 1. Роман .2020.-736 С. Как и в других произведениях великого французского…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. изгнанники / Виктор Гюго, ауд. С. Абдрахманов. - Нур-Султан. Фолиант, том 2.2021.-672 С.Роман французского писателя Виктора Гюго…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Муканов Сабит . Падающая звезда . роман / С. С. Муканов.- Нур-Султан. Фолиант, книга 1.- 2021.-448 С.С. Муканов много лет глубоко изучал жизнь и…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. В объятиях надежды . роман / Ч. Диккенс, ауд. Г.Исмагулова.- Астана. Фолиант, 2023.-488 С. Произведения английского писателя…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Мышление . Новая психология успеха. Алматы. Общественный фонд "изложение", 2021. -260 С. Измените свое мышление, если хотите, чтобы…