Наверх
Версия для слабовидящих

Жолдасов Омарбай

Жолдасов Омарбай 1918 жылы Балқаш өңірінде дүниеге келген. 1936 жылы Балқаш рыбтресінде балықшы болып еңбек жолын бастаған. 1938-1939 жылдары авто-мектепте оқыған. 1939 жылдың маусым айынан бастап Фин соғысына алынып, 1940 жылы Фин соғысы аяқталғаннан кейін, 1941 жылы Германияға қарсы соғысқа кіріп, Солтүстік Батыс Калинин майданында 90 батальонда көлік жүргізуші, электрик болып майдан даласында оқ-дәрі, бомба тасу міндетін атқарған. 1945 жылы Германиядағы соғыс аяқталғаннан кейін, Жапон соғысына қатысып, Мулен, Мудадян қалаларында болып 1946 жылы елге оралған. Үш бірдей соғыс майданын басынан өткерген.

Жолдасов Омарбай 1918 жылы Балқаш өңірінде дүниеге келген. 1936 жылы Балқаш рыбтресінде балықшы болып еңбек жолын бастаған. 1938-1939 жылдары авто-мектепте оқыған.

1939 жылдың маусым айынан бастап Фин соғысына алынып, 1940 жылы Фин соғысы аяқталғаннан кейін, 1941 жылы Германияға қарсы соғысқа кіріп, Солтүстік Батыс Калинин майданында 90 батальонда көлік жүргізуші, электрик болып майдан даласында оқ-дәрі, бомба тасу міндетін атқарған. 1945 жылы Германиядағы соғыс аяқталғаннан кейін, Жапон соғысына қатысып, Мулен, Мудадян қалаларында болып 1946 жылы елге оралған. Үш бірдей соғыс майданын басынан өткерген.

1946 жылы соғыстан келгеннен кейін Балқаш рыбтресінде балықшы болып еңбек жолын қайта жалғаған. Одан кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін көлік жүргізуші болып жұмыс жасаған.

1946 жылы соғыстан келгеннен кейін Балқаш рыбтресінде балықшы болып еңбек жолын қайта жалғаған. Одан кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін көлік жүргізуші болып жұмыс жасаған.  

Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және Г.К. Жуков медальдарымен, Жеңістің мерекелік медальдарымен, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған.

 

 

 

 


Количество посещений: 28