Наверх
Версия для слабовидящих

Сейсекеев Алдаш

Сейсекеев Алдаш 1917 жылы дүниеге келген. 1938 -1940 жылдары ОМСК қаласында педагогикалық училищені бітірген. Еңбек жолын Омск облысының Называв станциясында торф өңдеу конторында жұмысшы председателі болып бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, Москва қаласын қорғауда 1-ші дивизияның прожекторшылары 18-ші корпусында соғыс аяқталғанша майданда болады. «Ұлы Отан Соғысы жылдары «Москваны қорғағаны үшін», «Тың және тыңайған жерді игергені үшін», «В.И, Лениннің туғанына 100 жыл» және т. Б медальдары бар.

Исләм Сейсекеев туралы «Қызыл ту» газетінде 3 қараша 1939 жылы жарияланған дерек.

Қызыл ту.

Исләм Сейсекеев қазіргі Ақмола облысы, Ақмола ауданы, бұрыны 2-ауыл қазіргі Жарлы ауыл советінде 1911 жылы туған, шыққан табы кедей-шаруа. 1932 жылдан партияның кандидаты. 38 жылдан партияның мүшесі. 29 жылдық қазанына дейін, Ақмола ауданы, Красноярскі ауыл советіне қарайтын жалғыз құдық деген жердегі неміс боярында жалшылықта болған.

1930 жылдың 1 маусымнан 1930 жылдың 15 тамызына дейін Ақмола қаласының ашылған совет құрылысы курсын бітіріп шыққан. 1930- жылдың қыркүйегінен 1932 жылдың маусымына дейін Ақмола ауданына қарайтын 3 – ауылдағы колхоз жастар мектебінде оқушы болған.

1932 жылдың 5 маусымынан 1932 жылдың 22 желтоқсанына дейін атынан ашылған түсті металл техникумының 6 айлық дайындық курсын бітірген. 1932 жылдың 22 желтоқсанынан 1933 жылдың 12 наурызына дейін Балқаштың құрылыс техникумының негізгі курсынан шыққан. Бұл техникум 1933 жылдың 12 наурызынан бастап таратылғаннан кейін 1933 жылдың 19 наурызында Қазан қаласындағы совет құрылыс институтының даярлық курсында 1934 жылдың 1 маусымына дейін оқып, бітіріп шыққан.

Алма-ата қаласындағы совет құрылыс институтын бітірген. 1937 жылдың 22 маусымынан бастап осы уақытқа дейін Қоңырат аудандық атқару комитетінің орынбасары болып қызмет атқарады. Сейсекеев партия жолында сыналған, Ленин-Сталин партиясының сенімді лдарының бірі.

 

 

 

 


Количество посещений: 25