Наверх
Версия для слабовидящих

Ақтоғай ауданының атаулы күндері

...

Ақтоғай ауданының атаулы күндері

 

Ақтоғай ауданының атаулы күндері

                                                                    Серік Ақсұңқарұлының туғанына 70 жыл

Серік Ақсұңқарұлы 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында, әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды-Жезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры.  Жас ақындардың «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975), «Қарлығаш» («Жалын», 1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. «ХХ ғасырдың жиырма сәті» поэмапанорамасы («Жалын», 1990), «Ғасыр кардиограммасы» («Жазушы», 1991) кітаптары, «Адам Ата – Һауа Ана» («Қазақстан», 2000), «Өмір деген күнді айналу» («Жазушы», 2005), «Төбемнен жауһар жауып тұр» (2005), «Қыпшақ хиссасы» («Қазығұрт», 2008) атты өлеңпоэмалар жинағы жарық көрген. А.Пушкин, А.Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. шетел ақындарын қазақшаға тәржімалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Материал әдебиет порталынан алынды
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/789

                                                           Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 155 жыл

Шашубай Қошқарбайұлы (1865, қазіргі Қарағанды облылысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылы — 4.5.1952, сонда) — халық ақыны, әнші, композитор, Қазақ КСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1941). Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, өлең шығарып айтуға, серілік құруға әуестенген. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз сияқты Арқаның атақты әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алған. Шашубайдың цирктік өнермен де атағы шығып, серілікпен ауыл аралап, ел алдында өзінің сан қырлы талантын көрсетті. Шашубайдың ел арасында “Майда қоңыр”, “Жетім қыз”, “Ақ қайың” (екі түрі бар), т.б. әңдері кең тараған. Ақын өз қызметінде ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен насихаттап, жұртшылыққа таратқан; қисса-дастандар мен толғауларды жатқа айтқан. Олардың ішінде, әсіресе, “Ақтамберді”, “Қамбар”, “Сұраншы-Бөкей” дастандарын көп жырлаған. 1909 жылы Жетісуға келіп, Жамбылмен айтысқан. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жаңа заман талабына сай өндіріс пен өнеркәсіп тақырыбына көбірек үн қосып, Қарағанды, Қоңырат, Балқаш кеншілері өміріне көптеген шығармаларын арнады. 2-дүниежүзінде соғыс жылдары майдан мен тыл өмірін жырлаған ерлікке толы патриоттық жырларымен көзге түсті. 1943 жылы Қарағандыда өткен облыс ақындары айтысын бастаушылардың бірі болып, Көшен Елеуовпен айтысты, 1944 жылы Болман Қожабаевпен сөз сайысына түскен. Шашубай қазақ әдебиеті тарихында мысал айтысты шығарудың тамаша шебері ретінде атағы шықты. Оның бұл талантына М.Әуезов жоғары баға берді. Шашубайдың таңдамалы шығармалар жинағы екі рет басылды. Шығармалары ақындардың жалпы жинағында, “Айтыстың” 3-томында (1966) жарияланды. Шашубай Абай шығармаларын кеңінен насихаттап, ел арасына таратады, өзіне ұстаз тұтып, ақындық талантына еліктейді. Бұл ретте Шашубай Абайдың сатиралық дәстүрін жалғастырып қана қоймай, қазақ әдебиеті тарихында мысал айтысты шығарудың тамаша шебері ретіңде атағы шығады. Шашубайдың«Кәрі құда» өлеңі табиғат суреттерін дәл беріп, адам мінездерімен сәйкестендіре бейнелеу тәсілі жағынан Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» деген өлеңімен үндесіп жатыр. Шашубай ұлы ақын таланты алдында басын иіп, оған өлеңдер арнаған. «Ақын Абай» өлеңінде «Ақыл, ойың шалқыған дариядай, көркем тіл, шебер сездің сен бір кені» деп Абай талантының асқақтай түсетініне, данышпан рухының мәңгі жасай беретініне шек келтірмейді. Ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуына арналған «Іске асты, Абай, арманың» толғау өлеңінде Абайдай ғұлама ұстазын ұлтына нұр сепкен Шолпан жұлдызына теңеп, «Мен де сенен үйренгем, домбырамды серік қып» деп өзін ұлы ақынның шәкірті ретінде мақтан тұтқан.


Количество посещений: 9173