Наверх
Версия для слабовидящих

2008

«Қилы заман» — кейін Әуезовтің телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең алғашқы қуатты арналардың бірі. Дегенмен де әр шығарманың өз орны бар ғой. Сонау өткен жылдарда  жас Әуезов  осы бір қиян-қилы қайғылы повесть — жазушы талантының революциялық қалыптасуының айқын мысалы.

Шыңғыс Айтматов.                            

 «Қилы заман» — қандықол отаршыл империяның  қорлығына көнбей, басын оққа байлаған азатшыл ел туралы реквием. Осы шығарманы дүниеге келтірген  отыз жасар Мұхтар Әуезовтің ұлттық ой – санасының кемелдігі, қазақтық мәселені азамзаттық өреде, әлемдік масштабта толғаған парасаты кім-кімді болса да таң қалдырғандай»

                                                          Әбіш  Кекілбаев.

 

 Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығармаларында сонша терең әрі жан-жақты суреттегенсол кездегі қазақ қоғамының сипаты мол, қайшылыққа толы өмір-тұрмысын көзімен көрді. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915–1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік-Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады. «Оян, қазақ» деп ұран тастаған қозғалыс, олардың демократиялық идеялары Әуезовтің өмірлік мақсат-нысанасын белгілеуіне тірек болды. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күш-қуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі.

1923–1926 жж. «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімесін жазады.

1923–1928 жж. Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейінТашкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) оқыған соңғы жылында екі тамаша повесть жазған: «Қараш-Қараш» пен «Көксерек».

Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып келді. Қудалау көріп, 1930–1932 жылдары қамауда болды, тұтқыннан құтылу мақсатымен ашық хат жазды.

Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем туындысы «Еңлік-Кебек», онан кейін «Хан Кене» мен «Қилы заман», «Айман-Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке құрылса, «Хан Кене», «Қилы заман» тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау еткен.

Әуезов 20-жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. Отызыншы жылдары бір топ әңгіме («Қасеннің құбылыстары», «Іздер», «Шатқалаң», «Құм мен Асқар», «Бүркітші»), пьесалар («Айман- Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын») жазады.

30-жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлік те болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жолтабатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді.

1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Татьянаның қырдағы әні» дейтін прозалық үзінді жарияланды. Бұл - болашақ романның бір тарауы еді. Осыдан соң 1940 жылы, Л. Соболевпен бірлесіп «Абай» трагедиясын жазды.

Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1-дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды.

Көркем тәржіме жұмысына белсене атсалысып, И. Тургеневтің «Дворян ұясын» аударды,

КСРО жазушыларының II съезінде көркем аударма туралы арнаулы баяндама жасасты.

Үлкен ғалым, педагог Әуезов қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, әдебиет кадрларын даярлау жөнінде шексіз көп еңбек сіңірді. Абайтану ғылымының негізін салды, көп томды «Қазақ әдебиеті тарихының» қазақ фольклорына арналған томының (1960) негізгі авторы және редакторы болды. Қырғыздың «Манас» эпосы туралы монография жазды.

КСРО Жазушылар одағы Президиумының, Бейбітшілікті қорғау кеңесі комитетінің, Лениндік сыйлықтар жөніндегі комиссияның мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік университетінің көп жылдар бойы профессоры болған Әуезов 4-5 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде де зор қоғамдық міндет атқарды.

«Абай жолы» эпопеясынан кейін дәуір шындығын суреттейтін кең ауқымды жаңа эпопея жазуға кіріскен еді. Соның «Өскен өркен» атты 1-кітабының нұсқасын салып кетті. Ол 1962 жылы жарияланды.

Әдеби еңбегі үшін жазушы 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы 27 маусымдақайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді. Жазушының әдеби-мемориалдық музейі ашылды, Алматы қаласының бір ауданы, бірқатар мектептер, көшелер қаламгер есімімен аталады. Туғанына 100 жыл толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. Шығармалар жинағының 50 томының36 томы жарық көрді (1998- 2008).

 

Шығарма шырайы-шындық

   «Бір ел — бір  кітап» акциясы аясында оқуға ұсынылған   М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі алғаш 1928 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылғаннан кейін екінші рет араға 44 жылсалып, 1972 жылы “Новый мир” журналында орысшаға аударылып жарық көрді. Жарты ғасырға жуықоқырмандар одан осылайша көз жазып қалды. Бір қарағанда түсініксіздеу жағдай: «Қилы заманда» орыс патшалығының саны аз бұратана халықтарды қандай қатыгездікпен қанағаны, олардың ұлт-азаттық қозғалыстарын қалай айуандықпен басып — жаныштағаны  суреттелетін еді ғой. Ендеше, Патша үкіметіне  қаны қас большевиктерге бұл шығарма несімен  ұнамай қалды, неменеге жақпай қалды? Оның жауабы біз ойлағаннан сәл тереңіректе жатыр, большевизм өзін интернационализм ұранымен қанша бүркемелегенімен, ол да отаршылықтың жаңа бір түрі еді, сол себепті де ұлттардың  шын мәніндегі азаттығын аңсаған кез келген озат идея оларды орыс патшасынан кем түршіктірмейтін.   Жалпы шындықтың шырайының шығуы айтушысынан ғой. Осы орайдан келсек М.Әуезов не нәрсені баяндаса да, суреттесе де жеріне, мәресіне жеткізбей тоқтамайтын жүйрік.

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін]: анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса.—Алматы: Ан Арыс, 2009. – Б. 71.

 Қосымша әдебиеттер:

 Зекенұлы, Қ. Мұхтардың мұрагері әке туралы әр дерекке құштар [Мәтін] / Қ. Зекенұлы // Ертіс өңірі.— 2010.— 3 қараша.— Б. 3.

 Қауғабай, О. Қонаев Әуезовті қалай қорғады? [Мәтін] / О. Қауғабай // Дала мен қала.— 2011.—10 қаңтар.— Б. 14.

 Кекілбаев, Ә. Алда тағы асқар таудай парыз тұр [Мәтін] / Ә. Кекілбаев // Жалын.— 2008.— № 12.— Б. 11–13.

 Әлмұханова, Р. Қорқыт ата [Мәтін] / Р. Әлмұханова // Жалын.— 2009.— № 12.— Б. 63–70.

 Бейсеева, Н. Алыптар шоғыры және балалар әдебиеті [Мәтін] / Н. Бейсеева // Жалын.— 2010.—№ 4.— Б. 46–48.

 Нұршайықов, Ә. Сыршылдық пен нәзіктік егіз [Мәтін] / Ә. Нұршайықов // Жалын.— 2009.— № 2.— Б. 87–91.

 Омаров, Е. Сабыр Рақымов [Мәтін] / Е. Омаров // Парасат.— 2009.— № 10.— Б. 7–9.

 Алдабергенова, М. Барыс жылы [Мәтін] / М. Алдабергенова // Жалын.— 2010.— № 1.— Б. 7–10.

 Оразов, Б. Төрт Мұхтар - төрт тұлға [Мәтін] / Б. Оразов // Парасат.— 2010.— № 4.— Б. 6.

 Тілегенов, Б. Әдебиет — оның өмірі [Мәтін] / Б. Тілегенов // Жалын.— 2010.— № 4.— Б. 15–17.

 Бердібаева, Р. Алаш рухымен нәрленген [Мәтін] / Р. Бердібаева // Жалын.— 2010.— № 2.— Б. 16–17.

 Мырзахметұлы, М. Ағамен сырласу [Мәтін] / М. Мырзахметұлы // Жалын.— 2010.— № 2.— Б. 21–24.

 Сыздық, Р. Ол да бір дәурен еді [Мәтін] / Р. Сыздық // Жалын.— 2010.— № 2.— Б. 24–27.

 Ожайұлы, Ы. Абайды тани алдық па? [Мәтін] / Ы. Ожайұлы // Жалын.— 2010.— № 7.— Б. 10–14.

 Жолдасбеков, М. Асылдарым [Мәтін] : эссе / М. Жолдасбеков // Егемен Қазақстан.— 2011.—6 қаңтар.— Б. 3.

 

Интернет қамбалар

Мұхтар Әуезов 1940жылға дейінгі әдебиет http://bibl.tarmpi.kz/images/stories/download/ayezov.pdf

 

Әуезов туралы видео

https://www.youtube.com/watch?v=wHWNQznOmdI

Семей қаласы ОКЖ Әуезов жайлы ақпараат

http://cbssemey.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=255&Itemid=62&lang=kz

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ (Мұхтар Әуезов)

http://turkiya.kz/?p=758

М.Әуезов «Қилы заман» кітабы

 http://classic.nlrk.kz/result/ebook_1001/index.html#ps

Уикипедия ашық энциклопедиясы М.Әуезов жайлы

 http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9° C%D2%B1%D1%85%D1%82%D0%B0%D1%80_%D0%9E%D0%BC%D0%B0%D1%80%D1%85%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D3%98%D1%83%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%B2

Жаңалықтар сайты Әуезов туралы http://www.bnews.kz/kk/persons/show/14026/

Әуезов туралы видео https://www.youtube.com/watch?v=wHWNQznOmdI

Ай-Қарагөз трагедия Мұхтар Әуезов жаңа нұсқасын жасаған Т. Теменов

https://www.youtube.com/watch?v=w4vsfJFWIe8

Әдебиет порталы Әуезовтың өмірбаяны мен шығармалары http://adebiportal.kz/authors/mukhtar-auezov/

Мұхтардың кітаптары электронды түрде http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/1805-muxtar_auezov


Количество посещений: 9141