Наверх
Версия для слабовидящих

2011

2011

Аймауытов 

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді. 

Өмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап,Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914–1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады. 

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады. 1922–1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924–1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926–1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылыжазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. 

Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды.Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдықкітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды. 

Шығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе. 

Аймауытов туралы жеке веб-сайт

http://aimauytov.psu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=64&Itemid=1

Уикипедия ашық энциклопедиясы

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%AF%D1%81%D1%96%D0%BF%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%90%D0%B9%D0%BC%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%82%D0%BE%D0%B2

Аймауытов туралы деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=Lftc1l27HYY

Кітапхана ақпараттық білім беру орталығы Жүсіпбек туралы

http://lib.ukgu.kz/kz/aktsiya-odna-strana/469-2011-jusipbek-aymauytov

Өмірі мен шығармашылығы

http://bibl.tarmpi.kz/images/stories/download/aimaytov.pdf

KAZ gazeta жаңалықтарында Аймауытов туралы

http://kaz.gazeta.kz/news/bir-el---bir-kitap-akciyasy-ayasynda-zhajjmauytovtyng-aqbilek-romanyn-oqu-usynyldy-newsID92669.html

Павлодар облыстық әмбебап кітапханасы Аймауытов жайлы

http://www.pavlodarlibrary.kz/?show=7&lang=2&artID=1495

Өскемен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

http://kitaphana.kz/odna-strana-odna-kniga/247-odna-strana-odna-kniga/3539--lr-.html

Көркем сөз зергері библиографиялық шолу

http://ru.calameo.com/read/002893434f31bcf9a4eab?sid=df12cb09a6b8c41b6a51114e1f4383da


Количество посещений: 8846