Фариза
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы«Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезімкүйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын — өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы — поэзия.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау — Фариза туындыларының бір қыры.
Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы — махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысыпсуреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.
Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.
Жаным – дала, көгінен бұлт арылмай,
батпан зілдер басса да, жүр тарылмай.
Шідерлеулі көңілді зулат, жырым,
баяғының құс қанат тұлпарындай.
Елтімейді қалғыған шаққа жаным,
ұмтылыста, жүйткуде бақ, талабым.
Талма шақта талықсып кетсем, жырым,
сен қақырат мәңгілік қақпаларын.
Жол – дария, тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма, жыр, жылдарға тамырың жай,
дәуірлердің дауылы дақ салмаған
ата-мұра қобыздың сарынындай.
Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,
жыр-әуезім суарған мұңым, жасым
ойсыздықтан өрекпіп, тойғандардың
құлағына қайғы боп ызыңдасын.
Рақат түн, дырду мен дабыр қалып,
жазылған жыр жүректің шамын жағып,
елдігі мен ерлігі қалғығанды
аттан салып оятсын дабыл қағып.
Дүниеден іздеумен нұрлы бесін
талпыныстан танбаған жыр-күресім
адамдық пен адалдық семсеріндей
жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.
Зула, менің жыр – күймем, шабыт жегіп,
жер бетіне ғұмырлы жарық беріп,
жүректердің құрсауын ағып келіп,
зорлықтардың
зардабын шеккендерге
Әділеттен сыбаға алып беріп!
Ф.Оңғарсынова
Тыңда менi жүрекпен!
Ей, адамзат!
Қара жерге гүл еккен,
Қара орманды күл еткен!
Тыңда менi жүрекпен!
Тыңда менi, сан жұрттар!
Кең әлемде кеуделерде тарлық бар,
тұтастық бар, қалдық бар,
бар әлемде, қара жердiң бетiнде
соғыс жайлы жарлықтар.
Дүниеде ұзын қолды үстем бар,
шарасыз бір күштер бар,
махаббат бар, құрлықтар бар, түстер бар.
Жанартау бар, жарылу бар, дүмпу бар,
Сәндi үйлерде күңкiл бар.
атпай, аспай құрту бар.
Адалдық бар, мейiрiм бар, зорлық бар,
қайратыңды қайнатады қорлықтар.
ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар,
шың аталған қырат бар.
Бiрақ соның бәрiнен
биiк тұрған бiр күш бар,
дидарына Жер де құштар, Күн құштар:
ол – нәзiктiк,
мәңгi шуақ, нұры – қүт,
сарқылмайтын жылылық,
ол тiрлiктiң қуаты –
ӘЙЕЛ атты ҰЛЫЛЫҚ!
Өлең, мен сені аялап өтем!
Дара күндерімнің,
Нала түндерімнің
Серігі болғаның үшін,
Сенімі болғаның үшін
Мен сені аялаймын.
Біреудің пасықтығынан,
Біреудің жасып мұңынан
Жүрегім сыздаған кезде,
Жаным мұздаған кезде
Мен сені саялаймын…
Өмірдің өткелдерінен,
Қиындық көп көргенімнен,
Өртеніп от басқаныммен,
Өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
Азапты, қайғы-мұңымды
Өзіңмен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау
тағдырым болып
О баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем!
Интернет- қамбалар
Фариза апайға арналған блог http://www.fongarsynova.blogspot.com/
Фариза Оңғарсынованың кітаптары электронды түрде
http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/836-fariza_ongharsynova
Уикипедия ашық энциклопедиясында Фариза жайлы http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%B0_%D0%9E%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0
Өмірбаяны мен шығармашылығы
http://www.kitapkhana.kz/file/23456.pdf
Фариза Оңғарсынова туралы бүгінгі естеліктер
http://adebiportal.kz/fariza-o-arsynova-turaly-b-g-ng-estel-kter.page/
Шығармалары
Фарзиа апайға арналған Вконтакте сайтында жеке бет
Фаризамен сұхбат
https://www.youtube.com/watch?v=1_PXac0_YIU
Фариза Оңғарсынова, ақын: «Ел қатал деп жүрген мінезім – менің болат сауытым» сұхбат http://baq.kz/kk/news/26372
Фариза Оңғарсынова -. Халық жазушысы
http://ardaktylar.kz/persons/oarsynova-fariza/
Фариза Оңғарсынованың лирикасы http://farizawksu.blogspot.com/2013/09/blog-post.html
Айтылмаған әңгіме — Фариза Оңғарсынова http://kaztube.kz/kz/video/113331
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті http://news.nur.kz/299438.html
Поэзия падишасы — Фариза Оңғарсынова http://aktogaicbs.blogspot.com/
Фариза туралы ойлар http://www.31.kz/video/show/id/628
Фариза Оңғарсынова. «Дауа» “Бір ел – бір кітап” акциясы 2013
«Бір ел — бір кітап» акциясы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады
http://www.inform.kz/kaz/article/2542396
Ғылыми кітапхана «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша http://www.kazntu.kz/%D0%91%D1%96%D1%80%20%D0%B5%D0%BB%20%D0%B1%D1%96%D1%80%20%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%20%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B
«Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы. Фариза Оңғарсынованың өлеңдері жырсүйер жүректерді сәулелендіреді http://library.wksu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=94:-q-q-2013-&catid=8:2011-12-07-10-50-01&Itemid=3&lang=kz
«Бір ел — бір кітап» акциясы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады
Фариза Оңғарсынованың лирикасы http://farizawksu.blogspot.com/p/blog-page_6626.html
Мәдениет телеарнасында Фариза Оңғарсынова өлеңдері оқылды http://madeniettv.kz/kaz/news/kazakhstan/Bir_el__bir_kitap_akcijasi_ajasinda_Fariza_Ongarsinova_olenderi_okildi.html
Электронды альбом «Бір ел — бір кітап» акциясы Фариза Оңғарсынова http://hbsh.nis.edu.kz:85/index.php/ru/component/k2/item/16-maecenas-ut-lorem-et-ante-feugiat/16-maecenas-ut-lorem-et-ante-feugiat
Поэзия падишасы http://ru.calameo.com/read/0027533285e49e605e276
Количество посещений: 11345
Қазақстан туған елім,ұлы өлкем
25 октября ко Дню Республики отдел читального зала Актогайской районной библиотеки провел круглый стол "Қазақстан туған елім, ұлы…
Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан
В Доме культуры на торжественном мероприятии, посвященном Дню Республики, районной библиотекой была организована книжная…
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні!
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні! Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024
24- қазан кітапханашылар күніне орай "Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауы өтті. Ашылу кезеңі Шашубай,Айыртас, Шабанбай,…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауының жеңімпаздары
Үздік кітапханашы - Құлпейісова Жазира, Үздік жоба иегері - Сағындықова Нұршат, Үздік буктрейлер номинациясы бойынша Кенжебаева…
Гюго .В. Аласталғандар
Хьюго .В. отстраненные/В Гюго, ауд. Захбдешов.- Нур-Султан.Фолиант. Том 1. Роман .2020.-736 С. Как и в других произведениях великого французского…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. изгнанники / Виктор Гюго, ауд. С. Абдрахманов. - Нур-Султан. Фолиант, том 2.2021.-672 С.Роман французского писателя Виктора Гюго…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Муканов Сабит . Падающая звезда . роман / С. С. Муканов.- Нур-Султан. Фолиант, книга 1.- 2021.-448 С.С. Муканов много лет глубоко изучал жизнь и…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. В объятиях надежды . роман / Ч. Диккенс, ауд. Г.Исмагулова.- Астана. Фолиант, 2023.-488 С. Произведения английского писателя…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Мышление . Новая психология успеха. Алматы. Общественный фонд "изложение", 2021. -260 С. Измените свое мышление, если хотите, чтобы…