«Күләш-қазақ халқының асқан дарынды, нағыз бұлбұл қызы еді.
Күләшша ән салу-әрбір қазақ қызының арманы» Ахмет Жұбанов
Күләш-Ақтоғайдың тумасы. Шын аты Гүлбаһрам. Бала кезінде-өте нәзік, кішкентай ғана қыз болатын. Бір үйде шешесі екеуі ғана тұратын. Күләштің өнерді қастерлеп, ән-күйге әуес өсуінде белгілі бер заңдылықта жоқ емес. Әкесі Жасын-әжептеуір әнші болған сері адам. Кезінде әйгілі әнші Әсет, Балуаншолақпен бірге жүріпті. Бір ағасы Манарбектің әншілігі-анау, өзге ағалары да өнерсіз болмаған. Айтбек Бейісов те әнді сырнайға әдемі салған. Кісіге кішпейіл, кімді болса да іш тартып тұратын бауырмал болған. Табиғатында ашық-жарқын, көңілді жүретін адам еді. Таланты қандай жарқын болса, мінезі де сондай жарқын болушы еді. Еріну, шаршау дегенді білмейтін, оның демалуы сахнаға шығу сияқтанатын.
Қазақтың атақты әншісі, қоғам қайраткері, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі. КСРО халық әртісі/1936/, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты/1948-1949/. Алматы пед. Техникумын 1928 жылы бітірген. Шығармашылық жолын көркемөнерпаздардың үйірмесінде бастады. 1930 жылы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. Пүліш/Б.Майлин «Майдан»/, Зәуре /Қ.Байсеітов пен А.Шанин «Зәуре»/, Еңілік /М.Әуезов «Еңілік-Кебек»/ рөлдерін орындады. 1932 жылдары Күләштің актерлігі де бекіді, музыкалық сауаты да едәуір өсті. Тәп-тәуір ән айтатындығы да белгілі болды. 1933 жылы жаңадан ашылған музыкалық студияда істей бастады.1943 жылдан бастап Қазақ музыка театрының солисі/Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры/.Күләш-жібек, Хадиша, Ақжүніс /Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» және «Жалбыр» опералары/, Сара /М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара»/, Ажар /А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай»/, Татьяна /П.И.Чайковкий «Евгений Онегин»/, Баттерфляй /Дж.Пуччини «Чио-Чио-Сан»/ және басқа көптеген образдар жасады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Күләш бригада құрамында майдан шебіне шығып тұрды. 1-3 ші сайлаған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденімен марапаталған. Дүние жүзінде мұндай таза, әрі шексіз қуатты зор дауысқа ие әнші әлі күнге дейін сирек кездесетін құбылыс деп айтсақ, Күләштің ән биігіндегі ғажайып орнын ешкім айырбастай алмайтыны күн шыққандай шындық. Көзі тірісінде аты аңызға айналған атақты әншінің ғұмыры тым келте болды. 1957 жылы Мәскеудегі театр өнерінің онкүндігінде жүргенде «Пекин» қонақ үйінде атақты әнші қайтыс болған. Алматы қаласында жерленген. Ақтоғайда Күләш есімімен көше аталған және орта мектеп бар. 2007 жылы әншінің кіндік қамы тамған Ақтоғай өңірі Күләштің қызы Қарлығаш апайды құшақ жая қарсы алып, әнші атындағы орта мектептің алдына ескерткіш орнатты.
Количество посещений: 6422
Қазақстан туған елім,ұлы өлкем
25 октября ко Дню Республики отдел читального зала Актогайской районной библиотеки провел круглый стол "Қазақстан туған елім, ұлы…
Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан
В Доме культуры на торжественном мероприятии, посвященном Дню Республики, районной библиотекой была организована книжная…
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні!
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні! Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024
24- қазан кітапханашылар күніне орай "Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауы өтті. Ашылу кезеңі Шашубай,Айыртас, Шабанбай,…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауының жеңімпаздары
Үздік кітапханашы - Құлпейісова Жазира, Үздік жоба иегері - Сағындықова Нұршат, Үздік буктрейлер номинациясы бойынша Кенжебаева…
Гюго .В. Аласталғандар
Хьюго .В. отстраненные/В Гюго, ауд. Захбдешов.- Нур-Султан.Фолиант. Том 1. Роман .2020.-736 С. Как и в других произведениях великого французского…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. изгнанники / Виктор Гюго, ауд. С. Абдрахманов. - Нур-Султан. Фолиант, том 2.2021.-672 С.Роман французского писателя Виктора Гюго…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Муканов Сабит . Падающая звезда . роман / С. С. Муканов.- Нур-Султан. Фолиант, книга 1.- 2021.-448 С.С. Муканов много лет глубоко изучал жизнь и…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. В объятиях надежды . роман / Ч. Диккенс, ауд. Г.Исмагулова.- Астана. Фолиант, 2023.-488 С. Произведения английского писателя…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Мышление . Новая психология успеха. Алматы. Общественный фонд "изложение", 2021. -260 С. Измените свое мышление, если хотите, чтобы…