Наверх
Версия для слабовидящих

Абзал Бөкен

1949 жылы 1 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, қазіргі Нарманбет ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы бітіріп шықты. Бір жылдай облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қызмет атқарды. 1973-1976 жылдары туған ауылы Қарасудағы сегіз жылдық мектепте мұғалім болды. Бұдан кейінгі уақыттарда аудандық «Ленин жолы», «Жалын» баспасы, «Егемен Қазақстан», «Парасат», ел аралық «Заман-Қазақстан», халықаралық «Түркістан» секілді баспа, басылым орындарын-да қызмет етті. Алғашқы өлеңі 1967 жылы «Уақыт» деген атпен аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде жарияланды. Одан бері «Бас-тау», «Жалгыз желкен», «Разбег», «Ғасыр қанатында», «Сүмбіле», «Салбуырын», «Шың мен шыңырау» және «Төр» атты кітаптары жарық көрген. Бір топ өлеңі «Екі мың жылдық дала жыры» атты антологияға енген. Ол - Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері комитеті жариялаған «Жалын» жабық конкурсының (1977), бірнеше жыр мүшәйрасының жүлдегері. Ақтоғай ауданының тұмар әніне айналып, қырық жыл бойы шырқалып келе жатқан «Ақтоғай - алтын бесігім» атты әннің (мәтін) авторы. Қазақстан Журналистер одағының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бөкен А. Шың: Өлеңдер, толғаулар, плэмалар /Абзал Бокен.- Астана: Фолиант, 2014.-400 бет.

  2. Бөкен А. Шың мен шыңырау.- жыр кітабы.-Алматы: «Жазушы», 1999.-344 бет.

  3. Бөкенов А. Салбуырын: Өлеңдер мен толғаулар.-Алматы: «Жазушы», 1991.-128 бет.

  4. Бөкен А. Төр: Жыр кітабы.-Алматы: -«Жазушы»,2009.-240 бет

  5. А.Бөкен. Тәж:Өлеңдер, толғаулар, балладалар, поэмалар.- Астана: - "Foliant", 2016. -440 бет

         Мезімді басылымдар жинағы

    1. Ақтоғай ақынын алқалады

    2. "Не күтемін "НЕГЕСІ" көп бұл күннен"  

    3. Алаштың ақтангер Абзал ақыны


Количество посещений: 3441