«АҚ ОРАМАЛ» – ӨМІР СИМВОЛЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін насихаттау және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама көтеріп отыр.
Акцияның «Ақ орамал» атану себептеріне тоқталар болсақ, қазақ тарихында оның философиялық мағынасы терең. Ақ түсті халқымыз тазалықтың, адамның ақыл-ойы мен жан дүниесінің тазалығы ретінде таныған. Адамзат өмірінің негізі болып саналатын ананың ақ сүті — өмір символы. Абыройдың, аманатқа адалдықтың белгісі. Аталмыш шараның негізіне ата-бабаларымыздың ежелгі дәстүрі, яғни, ел мен елді татуластыру салты алынған. Сонау ықылым замандарда ел мен елдің, ру мен рудың арасындағы дауды әйел-ана басындағы орамалын шешіп, ортаға тастау арқылы тоқтатып, талай қантөгістің алдын алғаны тарихи, көркем әдебиеттен, ауызекі ұрпақтан-ұрпаққа жеткен фольклор үлгілерінен мәлім.
Міне, осындай ізгі дәстүрді ел есіне оралту арқылы қоғамның барлық мүшесі мен әр азаматтың бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы жолындағы жауапкершілігін арттыру көзделген. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде алға қойған міндеттерді насихаттай отырып, елдерді бір-біріне өзара құрмет көрсетуге, басқалардың ішкі істеріне араласпауға, саналылық және сұхбатқа, ұстамдылық пен ақыл-парасатқа жүгінуге, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тартуға, баянды бейбітшілік әлемін қалыптастырып, өмірлік іс-әрекет әдісі ретінде соғыс атаулыны түбірімен жоюға үндейді.
Осыған орай Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлардың қадамы құтты болып, алдағы уақытта қиындық көрмей, бейбіт заманда ғұмыр кешсін деген ниетпен Ақтоғай ауданы кітапхана ұжымы Ақтоғай ауданы АХАЖ бөлімінде жас келінге «Ақ орамал-бейбіт болашақтың кепілі » атты орамал тағу рәсімін өткізді.
Осы акция аясында «Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті » тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Кешке тұрақты оқырмандар мен зейнеткерлер қатысты.Акцияның негізгі дәстүрі бойынша қатысушылар арасынан Шерубаева Қарғаш әже өзінің ақ орамалын «жолымды берсін» деген қазақы ырыммен жас келіншекке тарту етті. Шара аяқталғаннан кейін аналар қуғын-сүргін құрбандарын еске алу ескерткішінің алдына гүл шоғын қойды.
Жер-Ананың басынан талай сұмдықтар
Количество посещений: 5145
Моя профессия - мой выбор
Сегодня при поддержке Управления культуры, архивов и документации Карагандинской области в кинотеатре «Сарыжайлау» состоялось…
Почетный гражданин Сарыаркы
В Актогайской районной библиотеке состоялась презентация книги "Сарыарканың текті азаматы", посвященной 60 - летнему юбилею генерал-майора…
Читающая нация
В целях пропаганды проекта" читающая нация", формирования традиции чтения книг учителям и учащимся общеобразовательной школы…
Қарғын
Отделом читального зала районной библиотеки с членами Жыр - шедеврального клуба, среди читателей библиотеки была обсуждена книга “…
Книжная школа
По проекту" книжная школа " мы привезли и ознакомили учащихся школы имени А. Бокейхана с книгами, которые будут представлены…
Гюго .В. Аласталғандар
Хьюго .В. отстраненные/В Гюго, ауд. Захбдешов.- Нур-Султан.Фолиант. Том 1. Роман .2020.-736 С. Как и в других произведениях великого французского…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. изгнанники / Виктор Гюго, ауд. С. Абдрахманов. - Нур-Султан. Фолиант, том 2.2021.-672 С.Роман французского писателя Виктора Гюго…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Муканов Сабит . Падающая звезда . роман / С. С. Муканов.- Нур-Султан. Фолиант, книга 1.- 2021.-448 С.С. Муканов много лет глубоко изучал жизнь и…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. В объятиях надежды . роман / Ч. Диккенс, ауд. Г.Исмагулова.- Астана. Фолиант, 2023.-488 С. Произведения английского писателя…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Мышление . Новая психология успеха. Алматы. Общественный фонд "изложение", 2021. -260 С. Измените свое мышление, если хотите, чтобы…