Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қош келдің Наурызым, ардақты!

22 Наурыз мерекесіне орай кітапханада "Қош келдің Наурызым, ардақты" атты шараға байланысты "Қымызмұрындық" салт дәстүрге байланысты театрланған шара өткізілді. Қымызмұрындық -қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүлерінің бірі. Ертеде жер аяғы кеңіп, бие құлындап, желігі байланған тұста көптен көріспеген ағайын-туған сағынып, бірін-бірі осы "Қымызмұрындыққа" шақырысып мәре-сәре болған. Мақсаты: жас ұрпаққа ұмытылып бара жатқан салт -дәстүрді қайта жаңғырту. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылды.

 


Келулердің саны: 1055