Сарыарқа электронды кітапханасы http://www.karlib.kz/index.php/kz/lketanu/saryar-a-ek
Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – Орталық Қазақстандағы баспадан шыққан басылымдармен ақпараттарды қосымша тасымалдаушыларда жинақтайтын ең маңызды ақпараттар орталығы. Қарағанды облысының мәдени мұраларын сақтаудағы мемлекеттік жауапкершілікті сезініп, кітапхана қорды сақтауды жұмысындағы кәсіби басымдылық деп санайды. Кітапхана 2002 жылданбастап Құжаттарды цифрлау және сақтау Орталығы мен «Сарыарқа» электрондық кітапханасын құру жобасын дайындауды бастады. 2004 жылы бұл жоба 2005–2007 жылдардағы «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасына кірді.
Бағдарламаны іске асырудағы құжаттарды іріктеудің нысаны аймақтық және халықаралық, әлемдік маңызы бар кітаптық естеліктер болып табылады. Аймақтық мұра қорына: жергілікті тұрғын —өлкетанушылар, саяхатшылар мен ғалымдардың Сарыарқа туралы (Орталық Қазақстанды) суреттеулері; 1945 жылға дейін басылып шыққан газет және кітаптар; бірегей полиграфиялық байланыстағы шағын басылым; ақпаратты тәуелсіз тасымалдаушылардағы құжаттар, бейнетаспа, үнтаспаларды қосу жоспарлануда.
Жобаның мақсаты: Қазақстан мәдени мұрасының бөлігі болып келетін Орталық Қазақстанның құжаттық мұраларын сақтау және сирек кездесетін өлкетанулық қордың бір уақытта Интернет жүйесі арқылы кең көлемде қолдануға мүмкіндік беруін қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері:
Жобаның жаңалығы: Бірегей мәліметтерді цифрлау және оларға Интернет жүйесі арқылы қол жеткізуге, сирек кездесетін өлкетанулық қорларды сақтауға, мәтін бойынша іздестіруге, қызығушылығы басым қолданушылардың бірегей басылымдарға қол жеткізу мүмкіндігін береді.
«Сарыарқа» электрондық кітапханасын құру қызығушылығы басым қолданушыларға бірегей басылымдарға қол жеткізуге, оларды сақтауға және сирек басылымдармен жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік береді (контекстік іздеу, жаңаша орфографиядағы сипаттама бойынша құжаттарды іздеу, әр түрлі форматтағы тексттерді импорттау және т.б.).
«Сарыарқа» электрондық кітапханасын құрудың бастапқы кезеңін құру мерзімді басылым беттеріндегі өлкетанулық материалдарды цифрлау және толық мәтінді «Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер» ДБ ұйымдастырудан басталды. Барлық толық мәтінді база «Өлкетану» ЭДБ көрсетілген және әрбір оқырманның компьютерден оқып, басып шығарып алуына немесе дискетаға жазып алуына мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда ол Word, JPEG, TIFF, html, PDF форматтағы 7000 құжатты құрайды.
Келулердің саны: 12281
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…