Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Кітапхана тарихы

 

   1928 жылы Ақтоғай ауданының құрылуына байланысты, халықты сауаттандыру мақсатында «Қызыл Отау» есебінен кітап беру пункіті болып ашылған. Ол кездері кітап беру пункіттерін ауыл советтері басқарған. Сол жылдары Тарабаев ауыл советі болған.  1935 жылы «Қызыл Отау» «Кітапхана» болып құрылған. Кітапханалар ауыл советтеріне қараған соң, кітап қорлары Жезқазған қаласындағы облыстық кітапхананың бибколлекторынан тікелей  ұшақ арқылы әкелінген жаңа кітаптармен толығатын.  
     1931–1951 жылдар арасында орталық кітапхананың шежіресі белгісіз. 1951–1952 жылдар арасында орталық кітапхананың менгерушісі болып Аханова Лиза жұмыс жасаған.
    1952–1954 жылдары Өкімбаева Риза менгеруші болған. 1954 жылы кітапхана қоры артуына байланысты, сол кітапхананың ішінен балалар бөлімі ашылған. Осы жылы Өкімбаева Риза сол бөлімнің менгерушісі болып ауысқан.  1954–1958 жылдары орталық кітапхананың менгерушісінің міндетін Есеева Қойшан атқарған.
     1958–1959 жылдары Қалиясқарова Шакен Есеева Қойшаннан менгерушілікті қабылдап алған.  1959–1962 жылдары кітапхана менгерушісі болып Сейсепова Дайна жұмыс істеген. 1962 жылы Сейсепова Дайнадан менгерушілікті Мұсағұлова Нескен қабылдап алып, 1965 жылға дейін осы қызметті атқарған.  1965–1966 жылдары менгерушілікте Аюханова Қамария жұмыс жасаған. 1966–1973 жылдар аралығында Ахтанова Аман орталық кітапхананың менгерушісі болған. 
   1973–1974 жылдары Рахымжанова Нескен менгерушілікті атқарған. 1974–1975 жылдар арасында Оспанова Нұржамал менгеруші болған.
     1976 −1979 жылдар аралығында орталық кітапхананың менгерушісі Үрипа Үкібаева болған. Ал 1979 жылы барлық кітапханалар біріктіріліп, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып құрылған. Жаңа құрылған ОКЖ директоры болып Үрипа Үкібайқызы тағайындалып, 2009 жылға дейін осы қызметті атқарған.
   2009 жылы Үкібаева Үрипа зейнеткерлікке шығып, осы жылдан 2012 жылға дейін  Хамзина Кульзира Мальгаждаровна директор болды. Осы кезде ОКЖ-і  Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 31 наурызындағы № 04/09 «Ақтоғай ауданының      орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес 2010 жылдың 5 мамыр айынан бастап, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен бөлініп шықты.
2012 жылдың 2 наурыз айынан бастап, Ақтоғай ауданы ОКЖ директоры болып Замзагуль Сатекова жұмыс жасауда.

Келулердің саны: 3790