Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

ҮИИД

     2010 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасы мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылы «Алтын алмас АК» АҚ-ы тау-кен саласындағы «Пустынное» кен орнын қайта жаңғырту және кеңейту жобасы енгізіліп, 2014 жылдың 21 қараша күні іске қосылып, 25 желтоқсан күні Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде арнайы жүзеге асты. Президенті Дияр Бахытбекович Қанашев. Орналасқан жері  Ортадересін ауылдық округі.                                                                   
     2014 жылы ИП Бейсекеева Р. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  бойынша ауданда құс шаруашылығын дамыту мақсатында Тасарал селосында ашылған құс фермасы аталған бағдарламаға  енгізіліп, «БТА банк» АҚ-ы арқылы 3,6 млн. теңге несие алды. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 14%, оның ішінде 7%-ін жеке кәсіпкер, қалған  7%-ін мемлекет өтейді. 
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы ЖК Метжанова Т. қонақ үй құрылысына несие рәсімдеу үшін 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап  «DeIta bank» АҚ арқылы  жұмыстар жүргізілген болатын. Жоба банк пен Қарағанды облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының біріккен отырысында жобаның жалпы құны 16,0 млн. теңгеге қаралып,  биылғы жылдың ақпан айында банк тарапынан қолдау тапқан болатын.  
Алайда, жобаның құны 10,0 млн. теңгеге өзгеруіне байланысты «DeIta bank» АҚ-нда құжаттары қайта рәсімделіп, Қарағанды облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалында құжаттары қаралып, қолдау тапты. Облыстық Үйлестіру Кеңесінде қарау үшін жобаның құжаттары Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасына  тапсырылып. 2015 жылдың 16 шілде күні облыстық Үйлестіру кеңесінде қолдау тауып, мақұлданды.
 
 

Индустриалды инновациялық дамуды  қалыпқа келтіру (ИИҚК)

2017 жылы 20 қазан күні  аудандық мәдениет үйінде ауыл жастары арасында кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған аудан әкімінің гранты бір топ жас кәсіпкерлерге ресми түрде табысталды.  Атап айтатын болсақ  жеті кәсіпкер іріктеліп олар 400-600 мың теңге аралығында аудан әкімі грантын иеленді.

 Атап айтсақ:

  1. Сарытерек ауылынан Жансая Мусина сүт қабылдау бекетін ашуға
  2. Саламат Махаш қызмет көрсету бойынша аудан орталығынан
  3. Бекзат Әшімбеков мал бордақылау алаңын жандандыру
  4. Гүлден Керімбай тамақ өнімдерін дайындау
  5. Абай Жағыпар автокөлік жөндеу орталығы
  6. Саян Бегімбетов авто өлшеуіш құрал жабдығын орнату
  7. Нұрбол Бауымбеков ұялы телефон сервистік қызмет көрсету жобалары бойынша жеңімпаз атанды.
Индустриалды инновациялық дамуды  қалыпқа келтіру бойынша жергілікті газет басылымындағы мақалалар

1. "Ауласында мал семіртеді". Думан Қабыл 

2. "Қусақтағы қарымды іс". Мүсіркеп Сейдахмет

3. "Мал асылданбай, өнім молаймайды. Мүсіркеп Сейдахмет.

4. "Береке дүкені жаңаша түрленді". Манаргүл Мүтәліп

5.  "Гауһар ашқан жылыжай". Мүсіркеп Сейдахмет

6. "Әлің барда еңбек ет...". Думан Амангелдіұлы

7."Зинаиданың дүкені". Мүсіркеп Әлімжанов

8. "Ата кәсіпті өркендету ұлық іс".

9."Табыстың кілті өз қолыңа". Думан Бақышев

10. "Қаз өсірсең пайдасын көресің".

11."Қолайын тапса. табысы көл көсір". Думан Қабыл

12. "Ұлттық спорт -ұлт руханиятымен егіз". Гүлнар Метайқызы

13. "Мақсатына жеткен Рамазан". Д.Қабыл

14. "Толқынның наубайхана-шайханасы жұртшылықтың көңілінен шығуда". Оралбек Жүнісұлы.

15. "Еңбек етсең ерінбей". Думан Қабыл

16. "Сәнді сауықтыру кешен". Оралбек Жүнісұлы

17. Әлемнің әміршісі-ЕҢБЕК". Думан Қабыл

18. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР

19. "Ауылда ашылған шаштараз". Думан Бақышев


Келулердің саны: 10577