Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Елім деп соққан жүректер

 ӘБДІРОВ НҮРКЕН (1919–1942 жж.)

  Әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж.шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж.), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін,28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын,жанармай құйылган 3 цистернасын, 3 зеңбірегінжойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасыналған (19. 12. 1942 ж.) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н. Ф. Гастелло сияклы қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж.) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.

Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нүркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: «Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз…» Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін,46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқдәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. 1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Боков —Пономорев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді. Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. «Өзекті жанға бір өлім» деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс Қанат сұнқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нұркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті. Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді. Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Әбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды. Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандынын қақ ортасында батыр Нұркен бейнесі мәнгілікке орнықты, Нұркен ауылында да ескерткіш орнатылды. Кеншілер астанасының әсем спорт сарайы батыр жерлесіміздің есімін иеленген. Қазақ батырының ерлігі қанша жыр — хикаяға, ән мен әңгімеге арқау болды. Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен атында. Батырдың анасы Бағжан бәйбіше Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенскаядағы мекенінде М. А. Шолохов Нұркеннің анасын мейман еткенін білеміз. Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

  

Нұржанов Қазыбек Бейсенұлы

  Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов 1919 жылыҚарағанды облысының Ақтоғай ауданындағыАқтоғай селосында туды. Ұлты — қазақ. Ол 1939жылы Қызыл Армия қатарына қосылды. 5-ші атқыштар дивизиясы 61-ші истребитель дивизионының барлаүшылар взводы командирі, аға сержант Қазыбек Нұржанов Ұлы Отан соғысына 1942 жылы сәуірде енді. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зүш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен өтті. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пендаңққа толы. Золотарев түбінде болған ұрыста Қазыбек бастаған бронебойшылар бөлімі жаудың үш танкісін жойып жіберді.

 Командование Қазыбек Нұржановтың көзсіз батырлығын және тапқырлығын жоғары бағалап, оған барлау взводын басқаруды тапсырды. 149.7 белгі тұсынан Друть өзенінен өтерде олар жаудың оғы астында бола тұрып барлау жүргізіп, жаудың танк шабуылын тойтаруға жағдай жасаған бағалы мәліметтер берді. «Первомайск» совхозы жерінде Нұржанов жаудың тылына кіріп, олардың шегінер жолын кесіп тастады. Фашистер кейін шегінгенде оның бір өзі 8 гитлершілді өлтірді, капитан бастаған қалған 97 фашисті оның взвод жауынгерлері тұтқынға алды. Қазыбек Нұржанов жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Ту, III дәрежеліДаңқ ордендерімен және «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

 Қазақстандық жауынгер Волковысск қаласын алардағы ұрыста бүйірдегі қамту топты басқарды. Топтың батыл қимылдауы жау тобырын састырды. Гитлершілер соғыс техникасын, қару-жарақтарынтастап қашты. Қ. Нуржанов қашқан жауды қуып, 3 фашисті тұтқынға алды. Оның бірі — офицер. Ержүрек Қазыбек шабуылдаушы жаяу әскерді соңына ерте Волковысскке бірінші болып кірді. Қала шетінде Қазыбек Нұржанов өте ауыр жараланды.

 КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы24 наурыздағы Жарлығы бойынша көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Қазыбек Бейсенұлы Нұржановқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 Газет беттерінен:

Батырдың биік тұлғасы

Абдиров Нуркен

Ел тарихы - рухани қазына

Аудан ардагерлері

  Ботқабаев Бизақ

 1919 жылы Ақтоғай ауданы, Қоңырат совхозында туған. Әскерге 1939 жылы алынған, соғыс басталған соң Владивостокта шекара қызметінде 246атқыштар полкінде болған. 1942 жылы Смоленскбағытында майданға қатысқан. Екі рет жарақат алған. Москва, Белоруссия, Украина бағытында соғысқа қатысып, 1944 жылы Польшаға өтіп,Германия жерінде Одер өзенінің жағалауындағы соғысқа қатысқан. 1945 жылы Ұлы Жеңісті жауынгерлермен бірге Берлинде қарсы алған. «Отан соғысы» II дәрежелі, «Даңқ» ордені, бірнеше медальдармен марапатталған. 1945 жылы қарашада елге оралған.

 

 Мұстахаев Нұрғалы

 1923 жылы туған. Әскер қатарына 1942 жылыалынған. 16 маусым 1942 жылы Оңтүстік Батысмайданы, 18-ші армия 11–45 атқыштар полкі құрамында болған. Донбасс, Полтова, Ростов, Сталинград ұрысында минометші болып қатысқан. 1945 жылы қараша айында елге оралады. «Отан соғысы» ордері, бірнеше медалдармен марапатталған.

  

Сыздықов Шардарбек

 1917 жылы туған. 1939 жылы әскер қатарына алынған. Батыр Қазыбек Нұржановпен бірге өскен, досы. 02.1942 жылы Қиыр Шығыста Жапония, Қытай жағында шекара күзетінде болған. № 10,119атқыштар полкы құрамында соғысқа қатысқан.Старшина. 07.1946 жылы елге оралған. Ерлігі үшін бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

  

Әлиев Қасенқүл

 1941 жылдың сәуірінде әскерге шақырылған. Украинаның Черкас деген қаласында соғыс басталған күні сағат 6-да шекарадағы ұрысқа қатысқан. Сол жылдың 11 -ші қазан күні жараланған. Дондағы Ростов қаласында ұрыс уақытында сол қолына оқ тиіп жараланып, госпитальға түскен. Соғыс уақытында сержант,содан соң аға сержант шенінде болған. 1943 жылы 3желтоқсанда елге оралды. Бірнеше ордендер мен медальдармен марапатталған.

  

Бейсенбеков Кенжетай

 01.01.1918 жылы туған. Сарышығаннан. Ұлы Отансоғысына қатысып, жауынгерлік жолдан өткен. Illдәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Кеңес ОдағыныңМаршалы Г.К. Жуков» медалі (01.1997 ж.), «СССРҚарулы Күштеріне 50,60,70 жыл», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған.

  

Кенбаев Шағала

 01.05.1918 ж. туған. Манчужуриямен шекараданәскери борышын өтеп жүргөнде соғыс басталып, әскери кадрлар жетпегендіктен 1942 ж. офицерлер даярлайтын екі айлық мектепте оқыған. Оқуды аяқтаған соң соғыстың алғы шебінде IV Украинамайданының автоматшылар взводының командирі болып тағайындалған. Жарты Европаны шарлап,Австрия, Венгрия, Румыния, Чехословакияны азат етуге қатысқан жауынгер, Днепр өзеніне шабуылкезінде жарақаттанды. Емделіп шығып, қайта Чехославакияның Брно қаласы үшін болған ұрыста «Қызыл Жұлдыз» орденінің әйгілі қолбасшылардың бірі маршал Конаевтің қолынан алады. «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

  

Көшербаев Мүсілім

 1913 жылы туған. Сарытерек аулынан. 11.12.1941жылы әскер қатарына алынып, бірнеше майданшебінде болған. 09.02.1943 жылы Бесжанский станциясын, 13.02.1943 жылы Курск облысының Обян ауданын жаудан тазарту сұрапыл шайқастарға қатысқан. Миномет ротасында бастауыш партия ұйымының секретарь! болып екі жыл қоғамдық жұмысты қоса атқарған. Төрт рет жараланып, 23.05.1945 жылы 2 топтағы мүгедек болып елге оралған.

 Ерлігі үшін I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен(№ 1691033), бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Медиев Жамбылбай

 13.05.1924 жылы туған. Саршығаннан. Ұлы Отансоғысына қатысқан. II дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі(7.05.1946 ж.), «Жапонияны жеңгені үшін» медалі(30.08.1947 ж.), «СССР Қарулы Куштеріне 70 жыл»(20.09.1988 ж.), «Совет Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалі (01.1997 ж.), Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған.

 

 Сибақов Тұрсынбек

 10 сәуір 1922 жылы туған. 2 қаңтар 1942 жылы Әскерге алынып, Ақладан дайындалып өтіп, шайқасқа аттанған. Соғыста Украина бағытында болған. 1946 жылы елге оралған. Елде әр түрлі салада жұмыс істеген. Бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

  

Бижамбеков Зекен

 06.03.1925 жылы Тасаралда туған. 12.1942 жылыәскерге алынған. Кіші сержант. 07.1943–22.09.1944ж.ж. Украина майданында 886 батальон № 23857 эскери бөлімінде жауынгерлік жолдан өткен.Украина жерін, Қырым Севостополь т.б. жерлерді немістерден босатуға қатысқан. 1944 жылы мамыр айының орта кезінде Белоруссия, Латвия, Литва,Кенигсбергті, Берлинді алуға қатысқан. «Қызыл жұлдыз» ордені, II дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Ерлік үшін» медалі, «Кенисбергті алғаны үшін» медалі, «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған.

  

Ауғанстан соғысына қатысқан Актоғайлық жастар

   

Нөкеш Қайрат Оразұлы

 1966 жылы туған. М. Горький атындағы орта мектепті бітірген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 10.1985- 05.1986 жылы аралығында Ауғанстан жеріндегі соғысқа қатысқан. Қатардағы жауынгер."СССР Қарулы Күштеріне 70жыл" және «Жауынгер - интернационалист»медальдарымен наградталған. Кәзіргі уақытта аудан әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жауапты қызмет атқарады.

 

Ахметов Еркін Советүлы.

 1965 жылы туған. М. Горький атындағы қазак орта мектебінің түлегі. 07. 1984- 04.1986 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде Қандағар аймағьшда әскери борышын өтеген. Қатардағыжауынгер. «СССР Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалімен наградталған.

 Караганды педагогикалық институтын бітірген.1989 жылдан мектепте дене тәрбиесі пәні мүғалімі болды. 18.10.2002 жылы ауырып қайтыс болды.

  

Иманбеков Ғазиз Берікбайулы.

 1961 жылы туған. М. Горький атындағы қазак орта мектебінің түлегі.. Ақмола медицина институтынбітірген. 05.1980- 04.1982 жылдар арасында Ауганстанда әскери борышын өтеген. Қатардағыжауынгер. «СССР Қарулы Күштеріне 70 жыл» және«Жауынгер- интер - националист» медальдарыменнаградталған. Кәзіргі уақытта Қ.Нуржанов атындагы орта мектепте мамандығы боиынша қызмет істейді

 

Рысмағанбетов Талғат Құмарұлы

 1964 жылы туған. М. Горький атындағы ортамектептің түлегі. Саран педагогикалық училищесін бітірген. 04.1984–11.1986 ж. ж. аралығында Ауғанстан жерінде әскери борышын өтеген. Қатардағы жауынгер. Қазіргі уақытта ауылда еңбек етеді.

 

 Жақсыбеков Саят Ғынаятұлы

  1984–1986 ж. ж. аралығында Ауғанстанда оскериборышын өтеген. Қатардағы жауынгер. Қазіргі уақытта Нүркен селолық округында шаруа кожалыгының жетекшісі болып еңбек етеді.

  

Бөгімбаев Маралбай Тәңірбергенұлы

 1966 жылы туған. 1984 жылы М Горький атындағыказак орта мектебін бітірген. 1985–1987 жылдар аралығында Ауғаныстанда Пули Хуійри қаласындаоскери борышын өтеген. Қатардағы жауынгер.Қазіргі уақытта шаруа қожалығында еңбек етеді.

 

 Нұркеев Мұрат Жұмасейітұлы

 1962 жылы Қаратал ауылында туған. 10.11. 1981 ж. - 4.02. 1982 жылдың аралығында Ауғанстанда жеке әскери оуө десант батальонында қызмет еткен. Әскери атагы - ефрейтор.

 ^'Жауынгер — интернационалист" медалімен наградталған.

 Караганды педагогикалық институттың алғашқы әскери даярлык факультетін бітірген. Казіргі кезде Актогай аудандык ішкі істер болімінде қылмысты іздеу болімінің бастығы болып жүмыс жасайды.Полиция майоры.

  

Сәденов Қарпық Мақсұтұлы

 1965 ж Жәмші ауылында туған 11. 1985 — 12. 1986ж. аралығында Ауғанстан жерінде болған. Қатардағыжауынгер. «Жауынгер — интернационалист»медалімен наградталған.

 

 Маяузов Сайранбек Өскембек ұлы

 1986 ж. Қараменде би ауылында туған. 10. 1986 —09. 1989ж. аралығында Ауғанстан жерінде болған. Қатардагы жауынгер. «Жауынгер —интернационалист» медалімен наградталган.

 

 Ғалиханов Қазбек Сейітжанұлы

 1958 жылы туған. 1974 ж.К. Байсейтова атындағы орта мектепті бітірген. 06.1978–02.1980 жылдар аралығында Ауғанстанда скери борышын отеген.Сержант. «СССР Қарулы Күштеріне 70 жыл» жоне«Жауынгер — интернационалист» медальдарымен наградталған. Алматы халық шаруашылығыинститутын бітірген. Қазір орман шаруашылығы мекемесінің бастығы.

 

 


Келулердің саны: 9101