Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қорлар

Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды. Бөлім қызметі-қорды толықтыру және қалыптастыруда аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, оның рухани өрлеуіне үлес қосу. Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс беру, жаңа басылымдарды өңдеу, КАБИС бағдарламасына енгізіп, қордың электронды нұсқасын қалыптастыру. Мерзімді басылымдарға жазылу, электронды басылымдармен толығу.
       Бөлімнің міндеті-Жаңа басылымдарды штрих-кодтау, уақытылы қор құжаттарын толтырып отыру, кітапхана басшылығына қор жайындағы ақпаратты беру. Жаңа басылымдарға сұраныс беру, бөлім жұмысын дамыту мақсатында әр бағыттағы бағдарламалар, жобалар жасау.
       Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде 2 адам жұмыс жасайды. Олар ОКЖ аға редакторы-Б.Түймішінова және кітапханашы-Г.Шайбекова. Бөлім жылына бес мыңнан аса жаңа кітаптарды өңдеуден өткізіп, кітапхана филиалдарына таратып отырады. ОКЖ кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша шыққан басылымдар, жергілікті авторлардың сыйға тартқан кітаптары, айырбасқа келген кітаптар, аудандық бюджеттен арнайы бөлінген қаражатқа кітап сатып алу арқылы толығып тұрады.
            2020 жылы жаңадан түскен әдебиеттер саны-4549 дана, қазақ тіліндегісі-3429 дана. Оның ішінде есепке алынған мерзімді басылымдар-231, қазақшасы-224. Мемлекеттік тапсырыспен алынған кітаптар саны-3136, қазақ тіліндегісі-2523. бюджеттен бөлінген 2 000 000 теңгеге кітап дүкенінен 1039 дана әр саладағы кітаптар сатылып, кітапхана қорын толықтырдық. Қазақ тіліндегісі 640 дана. Сыйға келген 143 дана кітаптардың ана тіліндегісі 42. Осы түсімдердің ішіндегі 246 данасы ағылшын тіліндегі әдебиеттер. Жыл соңында барлығы есепке алынып, филиалдарға үлестірілді.
          Шығысқа шыққан құжаттар саны-14735, қазақшасы-5600.
           Жыл соңында ОКЖ қоры-256946 дана, қазақ тіліндегісі-160682 дана.
 

Келулердің саны: 8334