Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жаңа өмір,жаңа жыл,жаңа күнмен көрісу

Ақтоғай аудандық кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен 14наурыз "Көрісу күніне"орай "Жаңа өмір,жаңа жыл,жаңа күнмен көрісу"атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарымызды қазағымыздың салт- дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. "Көрісу күні" қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Әсіресе,бұл күн еліміздің батыс өңірінде кеңірек аталып өтіледі. Көрісу күнінде алты ай қыстан аман шыққан ағайын-туыс,көрші қолаң,алыс-жақындағы бауырлар "Жаңа жасың құтты болсын!" деп көрісетін болған.

 


Келулердің саны: 1042