Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Әлихан аға- мыңнан шыққан тұлпар

Аудандық орталықтандырылған кітапханада кітап қорын толықтыру және оқу залы бөлімдерінің ұйымдастыруымен Ә.Бөкейханның туған күніне орай " Әлихан аға- мыңнан шыққан тұлпар " атты тақырыпта оқырмандар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ә.Бөкейханның ғылыми ерлігіне деген құрмет пен қызығушылықты ояту, осы ұлы адамның біздің жерлесіміз екендігіне мақтан ету, белсенді өмірлік позицияны, патриоттық сезімді дамытуға ықпал ету.
Ұлт бостандығы жолында құрбан болған қазақ халқының бір туар ұлы Ә.Бөкейханның өмірі мен еңбегіне зер салу арқалы, ғылыми мол мұрасын насихаттау.
Шара қонақтары Ә.Бөкейханның ұрпақтары Галиханов Қазбек, Бегетаева Әлия, Шалаханов Ермек, Катепова Мақпал және ауыл тұрғындары.
Шара барысында Ақтоғай археологиялық- этнографиялық музей қызметкері Сейсенбаева Әсем Ақтоғай аудандық музейде сақталған Алаш қайраткерінің өзі тамақ ішкен табағы мен тәтесінің өз қолымен тіккен алашасымен таныстырды. Өкінішке орай Әлихан атамыздың өзі ауыл арасына жүрген пайдаланған тарантас арбасын әкеле алмады. ( Көргіңіз келсе аудандық музейден @aktogay_muzei барып көре аласыз).
Қалиясқаров Сағат Әлихан туралы зерттеулерімен таныстырып, көптің қошеметіне ие болды.
Дөңгелек үстелге келген атамыздың ұрпақтары мен ауыл тұрғындары тың ақпарат алғандарын айтып, ризашылығын білдірді.
 

Келулердің саны: 988