Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Әкешім асқар тауым

...

Кітапханамызда “Әкешім асқар тауым” атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға бала  тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын білдіру. Әкенің мейірімі,басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді.Құшағына еніп көрші,ол құшақтан босағың келмейді.Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай.Осындай мейірімді,жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап,асқар белдерінен демеп асырып,сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп,алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді.Әке- әркімге де асқар тау,ана-өмір сыйлап,нәр берер бұлақ,бала-жағасындағы балауса құрақ.Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы,шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі,балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.

 

 


Келулердің саны: 402