Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Алаштың ақтаңгер ақын - Абзал

...
     Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ,Халықаралық "Алаш " әдеби сыйлығының иегері," Ақтоғай ауданының құрметті азаматы " халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреат, "Құрмет" орденінің иегері, белгілі ақын Абзал Бөкеннің туғанына 75 жыл толуына орай" Алаштың ақтаңгер ақын - Абзал" атты тақырыпты аудандық байқау өткізілді.
 
    Байқаудың мақсаты: Ақынның шығармашылығын насихатау. Лирикалық жанрына деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын шыңдау . Қатысушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру, сахналық өнерге баулу. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп нығайтуға үлес қосу. Бірінші номинация - " Алаштың ақтаңгер Абзал ақын" - жас дарындардың дауылпаз ақынға арнаған арнауы Екінші номинация - "Тұла бойым көне сөз,көне мүсін" - Ақынның шығармашылығы бойынша мәнерлеп оқу. Үшінші номинация- Ақынның өмірі және шығармасы бойынша қызықты видеоролик жасау.Қатысқан оқырмандарға арнайы сыйлықтар және алғыс хаттармен, дипломдармен  марапатталды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 228