Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Адал еңбек - адал табыс!

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша "2025 жыл - жұмысшылар жылы" деп жариялануына орай Ақтоғай кітапханасында ауданның дамуына үлкен үлес қосып жүрген, іскер азаматтармен " Адал еңбек - адал табыс! атты кездесу өтті. Электр жүйелері мен құрылғыларын орнату және жөндеу маманы Кішкентаев Берікбол Нығметоллаұлы жастарға электр жүйесі жайлы айтып, шәкірт тәрбиелеп, ауданға қызмет ететін жасты дайындауға даяр екенін айтты. Агротехникалық колледждің оқытушысы, темірден түйін түю шебері Ахметов Ерсін Советұлы өнер-білімді игеріп, сан қырлы өнерді үйрену арқылы табысты болуды дәріптеді. Өнерлі қол өзегіңді талдырмас! Ел азаматтарының еңбегі елеге берсін!

    


Келулердің саны: 16