Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай

Ақтоғай аудандық кітапханада Абай Құнанбаевтың туғанына180 жыл толуына орай COWORKING орталығында "Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай" атты поэзия кеші өткізілді.
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып,Абайдың тылсым сырларына үңілту, "Сөз патшасы -өлең" құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой -қиялдарын поэзия әлеміне енгізу. Ғұлама Абай мұрасын,нақыл сөздерін,философиялық ой-толғауларын насихаттау.
Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыз хәкім Абайдың мұрасы сарқылмас қазына. Оның жүрек шерімен жазған өлеңдерінің тағлымы тереңде жатыр. Абай жалғыз қазақ халқының емес,адамзаттың ұлы десек артық айтқандық емес. Дара тұлғаны қай жағынан дәріптесек те біздің елдік,халықтық парызымыз болып саналады. Сонымен қатар поэзия кешіне "Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты кітап көрме ұйымдастырылып,таныстырылды.
 
   
 

Келулердің саны: 32