Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Хакім үріп өткен жол

Ақтоғай ауданының ОКЖ қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, кемеңгер тұлғасы — Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай рухани мұрасын, өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған«Абай әлемі» атты аудан жұртшылығының назарына көрме-инсталляциясын ұйымдастырды.
Бұл инсталляция — Абайдың шығармашылығы мен өмір жолын тек көзбен көру ғана емес, жүрекпен сезініп, ақылмен түйсіну үшін жасалған рухани сапар.
Көрме қонақтары кітапханашылар дайындаған кітап көрмелерімен, ақпараттық тақталармен танысып, Абай атамыз жайында тың ақпараттармен танысты.
Жас оқырмандарымыз да назардан тыс қалмай, жасанды интеллект көмегімен жасалған “Хакім жүріп өткен жол” атты анимацияланған стендмен танысты. Әжесі Зеренің тәрбиесімен бастау алған өмір жолы Хәкім Абайдың ұлы ақынға айналғанға дейінгі жолын қамтыған.
 
 
 

Келулердің саны: 102