Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тәтті сөз» атты мерекелік кеш болып өтті. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Кітапханамыздағы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа-25 шара атты» акция ұйымдастырылған болатын. Осы акция аясында «Буккроссинг» кітап фримаркеті, «Флешмоб», «Асфальтта сурет салу» байқауы, «Жылжымалы кітап көрме», «Экскурсия», «Дәмхана», «Дөңгелек үстел», «Танымдық сағат», «QR-код жұмбақ», Домбыра пати, «Квест», «Ревю», «Буриме» импровизация, «Кемпинг», «Мен сүйікті кітабыма дауыс беремін», «Басқатырғыштар базары», «Мейкерспейс», «Пресс-рулетка», «СтихоБаттл», «Флешбук», «Ретрокөзқарас», «Оқырман театры» шаралары өтті. Аталған шараларға белсенділік танытып, қолдау көрсеткен Сейсекеев Марғұлан Еламанұлына, Аубакирова Зайдагүлге, Аман Заринаға, Темірбекова Гүлзатқа, Исабекова Шынарға, Мусина Арнагүлге, Шалбаева Насимаға, Талипова Эльмираға, ФЛЕШБУК шарасы жеңімпазы Мағден Ұлпанға, QR-код жұмбақ жеңімпазы Тұрсынбек Арайға шексіз алғыс білдіре отырып, Алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табысталды. Шара барысында К.Бәйсейітова атындағы ЖББОМ 7-сынып оқушысы Болатбек Әлішер ән шырқап, «Жұлдыздар» би тобы «Барби» биімен тамсандырып, кеш Ақтоғай ауданы өнер мектебі шәкірті Жанат Ерасылдың орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен аяқталды. Оқырмандар мен қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп қайтты.
Келулердің саны: 3702
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…