Қарағанды академиялық музыкалық комедия театр ғимаратында 2018 ж.30 қазанда облыс кітапханашыларының кәсіби кездесуі өтті. Отырыс барысында аймақтағы кітапхана ісінің негізгі тенденциялары, көпшілік кітапханалардың жағдайы және шешімдерді бірлесе іздеуді талап ететін өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар іс-шара аясында Н.В. Гоголь атындағы ҚарағандыОӘҒК ұйымдастыруымен өткен «Орталық аудандық кітапхана –аудандағы кітапхана жүйесінің жетекшісі» атты облыстық байқауының қорытындысы жарияланып,жеке кітапханалар және кітапхана қызметкерлері марапатталды.
Атап айтар болсақ, Үздік инновациялық жоба үшін келесі авторлар дипломмен марапатталды:
«Оқырманды тартудағы кітапхана беделінің ықпалы»тақырыбы бойыншаКумпанЛидия Арсентьевна (Нұра ОКЖ).
«ОКЖ дамуының өзекті бағыттары»тақырыбы бойынша Попова Евгения Анатольевна (Осакаров ОКЖ).
«Кітапханадағы жаңашылдықтар оқырманмен әрекеттестікте тиімді құрал»тақырыбы бойынша Мағден Айжан Құдайбердіқызы (Ақтоғай ОКЖ).
«Заманауи кезеңдегі дәстүрлі жұмыс түрлері» тақырыбы бойынша Қалиева Гаухар Серікқызы (Шет ОКЖ).
«Өлкенің шығармашылық әлеуеті: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында» тақырыбы бойынша Жанарстанова Сауле Еркінқызы (Осакаров ОКЖ) мен Искакова Гүлбаршын Өміржанқызы (Қарқаралы ОКЖ).
«Кітапханалық шаралар: жаңа үлгілерді іздестіру мен іске асыру тәжірибесі» тақырыбы бойынша Барило Наталья Николаевна (Бұқар жырау ОКЖ) менАхмедина Гүлжан Сайлаубайқызы (Жаңаарқа ОКЖ).
Авторлық жобаларын байқау комиссияларына ұсынған орталық аудандық кітапханаларының 38 маманы алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан орталық аудандық кітапханаларға естелік сыйлықтар және дипломдар табысталды.
Әділқазылардың шешімімен Абай орталық аудандық кітапханасы байқаудың жеңімпазы атанды.
31 қазан күні Абай ауданының орталық аудандық кітапханасына және Агрогородок ауылдық кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.
Келулердің саны: 3255
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…