Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Кітапхана – оқырмандармен кітап арасындағы алтын көпір

Аудандық орталықтандырылған кітапхана Оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен 23 – сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне байланысты 9- 11 сынып оқушылары арасында «Кітапхана – оқырмандармен кітап арасындағы алтын көпір» атты экскурция өткізілді.Келген оқырмандарға Оқу залы бөлімінің аға кітапханашысы Жұмажанова А. кіріспе сөзбен ашып, кітап қоры және газет- журналдармен таныстырылды. Онда халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана-білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген оқырманға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады.

Кітапханашы Балтабаева Ж. келген оқырмандер арнап әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойды. Мысалы: «Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? Қазақтың аңызына айналған батыры кім? Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім? Кітап күні қашан атап өтіледі?» деген сұрақтар қойылып оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарын талқыға салды.
Кітапханашы Байжасарова С. ұйымдастырылған кітап көрмемен таныстырды.
Кітапхана - білімпаздар мекені. Оқырмандар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, керекті тапсырмаларына дайындалады. Біздің кітапхана кішкене болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге еңбек етейік. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.


Келулердің саны: 2196