Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – туған жер тұтастығы мен ел болашағы

           РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –  туған жер тұтастығы мен ел болашағы

 

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударатын кез келді. Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы тежеліп отырады. Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтан да, елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Елбасының мақаласына орай Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапханасында біршама іс-шаралар өткізілді. Ақтоғай жерінен шыққан атақты адамдардың құрметіне елбасыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында айтылған тағылымы мол тарихи мен ұлттық салт-дәстүріне аса мән қойып өлкеміздің тарихын халыққа сіңірген еңбегімен өміріне байланысты деректерге және аңыз әңгімелерге бей жай қарамай оларды дәріптеп айтыстың ақберен шебері   19- ғасырдың атақты суырып салма айтыскер ақыны, жыршы, қобызшы ақын Шөже Қаржаубайұлына 210 жыл толуына конференция және көрме ұйымдастырылды. 2018 жылы Нүркен ауылында халқын аман сақтау жолында күрескен «Заманнының заңғар тұлғасы-Машақ болыс» атты тарихи кітабінің тұсауы кесілді. Кітаптың авторы Машақ болыстың келіні Зәкура Шәретқызы. «Тіл ғұламасы» атты Әсет Болғанбайұлына 90 жыл толуына ақпараттық сағат өткізілді. 2019 жылы «Ерлік даңқы мәңгі өшпейді» атты Кеңес одағының батырлары Қазыбек Нұржанов пен Нүркен Әбдіровке 100 жыл толуына орай еркін тақырыпта эссе жазудан байқау болды.

Рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, бұл – рухани дүние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейрімді, адал, ақылды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді. Аудандық орталықтандырылған кітапханада туған жерге тағзым бұдан әрі қарай тоқтап қалмай іс-шаралар оқырмандар арасында насихатталып өз жалғасын табады.

Сәрсібаева Назира


Келулердің саны: 2232