Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұра

"Байтұрсынұлы қалдырған бай мұра" атты танымдық сағаты Қусақ ауылдық кітапханасында оқырман қауым арасында өткізілді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы артына ұшан-теңіз мұра қалдырған тұлға. Өмірі толассыз күреспен өткен бірегей ғалымның қыруар еңбектері 1912-1927 жылдар арасында жарияланды. Өзі басқарған «Қазақ» газеті, басқа да мерзімді басылымдарда жарияланған жүздеген жазбаларынан сырт, өз авторлығымен жеке кітап болып шыққан кітаптары ең көп қайраткер де осы Ахмет Байтұрсынұлы деуге болады."Әліппе», «Оқу құралы», «Тіл – Құрал», «Тіл жұмсар», «Баяншы» қатарлы оқулықтары әр жылдары сұраныспен неше мыңаған таралыммен басылса, бір жылдың өзінде бірнеше қайтара басылғанына тарихи мұраның өзі айғақ. Бір ғана «Тіл – Құралы» ілгерінді-кейінді 34 рет қайтара басылған.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ұлт ұстазының рухы бейіште шалқысын!
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 615