Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Өткен күн, кеше – тарих. Ке­лер күн, ертең – сыр. Бүгінгі күн – үлкен сый

Ғасырлар тоғысында Қазақ­станның көгіне көтерілген Тәуел­сіздік туы ел өміріне жарқын болашақтың есігін ашты. Мақсаты: Оқырмандарға сан жылдар бойы халқымыз армандаған егемендікке қалай қол жеткіз­­генімізді дәріптеу. Бұл қабылданған тарихи шешім ұрпақ үшін ұлағат. Ендеше, байыппен өткенге көз жүгір­тіп, еліміздің қас-қағым уақыт ішінде жүріп өткен жолын ойша таразылайық. Дана халқымыз: «Өткен күн, кеше – тарих. Ке­лер күн, ертең – сыр. Бүгінгі күн – үлкен сый», деп бекер айтпаса керек. Бұдан бейбіт күн­нің бағасын тарихтағы таңбадан танып білеміз. Қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде сөз құдіреті мен заң құдіретін сақтап қал­ған халқымыз бостандық, тәуел­сіздік ұғымдарына жіті мән беріп, оны сақтап қалуды мәң­гілік мұрат тұтты.
 
 

Келулердің саны: 886