Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Infomaniа жаңалықтар шеруі

14 желтоқсан күні Infomaniа жаңалықтар шеруі атты қызықты шарамыз өтті.
Кітапхана басшысы З.К.Сатекова жиналған қауымды мерекемен құттықтап, шара мақсатын айта отыра сөз кезегін жоба жетекшісі А.Мағденге берді.
Шараның ерекшелігі екі үлкен жаңалықпен таныстыруда болды. Бірінші жаңалық -ГОЛОГРАММА болды. Оның ерекшелігі 3Д, 4Д форматында видеоларды кез-келген орынға қойып көруге болады. Осы құрылғымен арнайы тапсырыспен және автоматтандыру бөлімі дайындаған «Тәуелсіздік-тұғырым!», «Мереке құтты болсын!» сөздері және ҚР Туы, Елтаңбасы, картасы, эффект, және желтоқсан құрбандарына арналған фото- слайд видеолар көрсетілді.
Екінші жаңалық «Тұғырлы тұлғалар» атты интерактивті кітап. Өлкенің асылдары, туған жердің қайталанбас тұлғалары жайлы оқып қана қоймай, тарихи тұлғалармен шынайы өмірде жүздескендей әсер алатын видеомен жабдықталған шағын жинақ кітабымыздың презентациясы! Арнайы қосымша арқылы жүктелгендіктен телефонды фотосуретке апарғанда сілтеме емес тікелей медиа ақпарат экранға шығады.
Шара барысында кітаптың шығуына себеп болған «Тарих сөйлейді» жобасы таныстырылды.
Бұл әсерлі кешті күміс көмей әнші, талай халықаралық байқауларда топ жарып жүрген «Әуен» ансамблінің жетекшісі Саламат Мүбаракұлы «Сары бидай» әнімен тәнті етті.
Әрі қарай кітап туралы шағын слайд арқылы ерекшеліктері көрсетіліп, кітабымыз екі дана ғана болғандықтан кітапқа енген тұғырлы тұлғалардың туыстарына арнап жасалған ерекше қораптар табысталды. Сонымен қатар арнайы дайындалған тәттілер таратылды. Тәттінің ерекшелігі «Infomania», «қош келдіңіздер!» деген жылы сөздермен қатар кітапхананың сайты мен әлеуметтік желілеріне сілтеме көрсетілген.
Шараны Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Абылай Базылұлы, өлкенің құрметті азаматы, өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан және Қарағанды қаласынан арнайы келген өлкетанушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Аңғар Смағұл, Қарағанды облысының құрметті азаматы Ануар, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі М.Сейдахмет және кітапқа енген тұлғалардың туған -туыстарының ішінен Азамат Дәртайұлы, Камила Мәжкенқызы шаршы топтың алдына шығып, өз тілектерін білдірді. Және бір қуантарлық жағдай Тұңғышбай ағамыз өзінің «Жақсы сөз- жарым ырыс», «Ақтоғай тарихтың тас сандығы” атты екі кітабын сыйға берді.
 
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 491