Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Кітап және қоршаған орта

Кітап - барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып,кез -келген сәтте көмекке келетін ерен күш,әр білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып,саналы да білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние.
Қоршаған орта деп-айналамыздағы көрінетін, естілетін және сезілетін заттың барлығын айтады.Бұл өте кең ұғым.Қоршаған орта арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен заттар,олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі.Осындай мағлұматтарды ұғына отырып ұғымдар жүйесі қалыптасып, сөз қоры молайып, табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын түсінеді.Осы тұрғыда Шашубай кенттік кітапханасында "Кітап және қоршаған орта "тақырыбында ашық ой, пікірталас өтті.
Басты мақсат- оқырмандарды әдебиетке жақын болуға,кітап оқуға үндеу,адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру,табиғат пен кітаптың байланысын айту.
Шарамыз екі топқа бөлініп,біреуі кітап жайлы пайдалы мәліметтер айтылып,оны ұқыптап ұстауға құрметтеу болса, екінші топ қоршаған орта туралы мәлімет, пайдасы оны қорғауға, құрметтеу жайлы болды.Сарапшылар қай топ тез,жылдам,ойыны нық жеткізетін топтарды ескеріп тиісті бағаларын қойды.Соңында кітап пен қоршаған ортаның тығыз байланысты екеніне көз жеткізіп достық жеңді деген тұжырымға келді.
Өткізілген іс-шараға кітапханашылар тарапынан қатысушылар өздерінің білімділігін көрсете білді.Берілген тапсырмаларға,қойылған викториналық сұрақтарға, мақал-мәтелдерге, сөз жұмбақтарды шешуде өте жақсы жауап беріп,белсенділік танытты.
 
 

Келулердің саны: 1009