Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

2012

2012

Оралхан Бөкеев (1943-1993)

  

Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. 

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963–1969 жылдары Оралхан Бөкеев С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965–1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкеев 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді.

1974–1983 жылдары Оралхан бөкеев «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983–1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991–1993 жылдары бас редакторы болды.

Ол өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашың болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті. Әдебиетке келудегі мақсаты да сол. «Көкшетау асқан сүлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырады. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан кем емес. Бірақ оны жырға қостын, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ. Мен алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Мен мақсатыма жетемін деп сенемін»,— деген екен қаламгердің.

Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді. Оның прозасы мен драматургиясында қоғам өмірінің өзекті мәселелері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік, рух тазалығы, жаратылыс пен адам арасындағы қарым-қатынас, жалпы адам проблемасы публицистикалық сарында өткір қойылды.

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспаданоның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды. 

1976 жылы Оралхан Бөкеев «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

     Оралхан Бөкеев – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкеевтің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жопан, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көоген шығармалары — «След молний», молодая вардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982

Оралхан Бөкеевтің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М. Самағұлов),«Сайтан көпір» (1986, режисері Д. Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкеевтің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылыповестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында     жарық көрді.

      Оралхан Бөкеев 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

      Ол халқына адал қызмет етті. Мақсатына өзін-өзі тәррбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жетті, шындық пен образдар қосуын, түнап жатқан қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға Кербғғы, Мұзбалағы, Өр Алтайдың күмбезі деген атаулар беріп, биікке көтерді.

 Оралхан Бөкей туралы

Бөкеев Оралханның  шығармалары 

 

  1. Бөкеев О Қайдасың қасқа құлыным:Повестер, новеллалар,.-Алматы:Жазушы, 1973.-200б

  2. Бөкеев О. Мұзтау: Повесть, эссе, новеллалар.-Алматы:Жазушы, 1975.-256б

  3.  Бөкеев О.  Үркер ауып барады.: Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын, 1981.-528б

  4.  Бөкеев О.  Өз отыңды өшірме: роман.- Алматы: Жазушы, 1981.-384б.

  5. Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ.-Алматы: Жалын, 1984.-432б

   6. Бөкеев О. Құлыным менің: пьесалар.-Алматы:Өнер, 1986.-368б

   7.Бөкей О. Ұйқым келмейді:Повесть, әңгімелер.- Алматы:Жазушы, 1990.-559б  

    8.Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім: Очерктер, көсемсөздер, эсселер / Кұраст.А.Бөкеева.- Алматы: Санат, 1995.- 304б

    9.. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1994.  Т.І:Повестер.-496бет, Т.2: Өз отыңды өшірме: Роман, Атаукере:Повесть.-1996.-496б 

    10.Бөкей О. Қайдасың қасқа құлыным:Повестер, әңгімелер, /Құраст: Р.Мәженқызы.- Астана: Елорда, 1999-328б

     11.Бөкей О. Кербұғы: Әңгімелер мен повесть.- Алматы: Атамұра, 2003.- 204бет.- (Атамұра кітапханасы).                                                    

     12. Бөкей О. Тоқалдан қалған тұяқ: Әңгімелер / О. Бөкей.- Астана: Таным,  2003.- 80б.                                                                             

     13. Бөкей О. Қар қызы: Хикаяттар / құраст.Р.Мәженқызы.- Алматы:  Раритет, 2008.- 280б.- (Алтын қор кітапханасы).- (Қазақ прозасы қазынасынан).             

     14. Бөкей О. Өз отыңды өшірме: роман.- Алматы: Өнер, 2010.- 384б.-(Қазақтың 100 романы).    

     15.  Бөкеев О. Атау- кере (Кауіпті будан).Мұзтау (Соңғы ертек): хикаяттар.-Алматы: Ан Арыс, 2010.-320б

     16.   Бөкей О. Атау кере (эл.ресурстар): роман.-Алматы:Жазушы, 2005.- (Аудиокітап)   

  17. Бөкеев О.  Қасқыр ұлыған түнде//Жас қазақ.-2011.-20 мамыр.-6б    

                                                          

 Аудармалары

1.Бокеев О. Крик:Повести /Авториз. пер. с каз.-М.:Сов.писатель, 1984.-334с

2.Бокеев О. Поезда идут мимо: Роман, повесть. Авториз. пер. с каз.-Алма-Ата:Жазушы, 1985.-400с

3.Бокеев О. Поющие барханы: Повести /Авториз. пер. с каз.-М.:Сов.писатель,1981.-343с

4. Бокеев О. След молнии:Повести и рассказы  /Авториз. пер. с каз.-М.:Мол.Гвардия, 1978.-320с

 5. Бокеев О Снежная девушка (Нуржан): Повесть. Авториз. пер. с каз.А. Ким// Всадники: Сборник повестей казахских писателей -Алма-Ата:Жазушы,1990-С.190-277

 6. Бокеев О. Человек-Олень: Повести ти рассказы //Авториз. пер. с. каз.-М.:Известия, 1990.-511с

 

   Бөкеев Оралханның шығармашылығы туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар  

 

          1.Алтайдың кербұғысы: Оралхан Бөкеевтің шығармашылығы//Түркістан.- 2003.-15 мамыр.                                                                                    

          2. Ахметжан Т.  Қазақ прозасының мұзтауы: Оралхан Бөкей //Қазақ  әдебиеті.- 2003.-5 желтоқсан.                                                             

          3. Ахметжан Т. Оралханды ойлағанда..:Оралхан Бөкей //Қазақ        әдебиеті.- 2004.-21 қыркүйек.                                                             

          4. Әшірова А.  О. Бөкеевтің «Атау кере» повесіндегі табиғат және кейіпкерсыры  //Тәрбие жұмысы.- 2004.-N3.-11-13б.                                           

          5. Бөкейқызы Ғ.  Әлемдегі ең бауырмал, ең ақылды, ең тәкаппар адам менің ағам   еді //Жұлдыздар отбасы.- 2011.- № 17.-Б.32–35.                              

          6. Дүйсен Қ.  Оралханды ұстаз тұтқан қаламгер //Айқын.- 2009.- 28     қаңтар.-8б.                                                                               

          7. Егеубай А.  Мұзбалақ: Оралхан Бөкей-60 //Жұлдыз.- 2003.-N12.-106-

112б.                                                                                     

          8. Елеубай О.  Мұзтаудың Мұзбалағы: Оралхан Бөкейдің 60 жылдықмерейтойы //Егемен Қазақстан.- 2003.-11қазан.                                                

          9. Ерғалиева Ж.  Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат…» //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2012.- № 1.-Б.31–32.                 

          10. Ерман Жүрсін.  Оралхан Бөкей және опасыз жалған //Жас Қазақ.-     

2008.- 29ақпан.-6б.                                                                       

          11. Жапақов Н.  Оралханға әжем де разы болған//Орал өңірі.- 2008.- 

16 қазан.-11б.                                                                            

          12. Жәкешбаева Р.  Менің Оралханым //Дала мен қала.- 2008.- 4сәуір.-16б.                                                                              

          13. Жұмабай Н.  Менің Оралханым//Қазақ әдебиеті.- 2011.- 30 қыркүйек.-Б.4.                                                                                

 

          14. Жұмабай Н.  Сізді ойыма алғанда…//Түркістан.- 2010.- 20мамыр.-Б.11.                                                                              

          15. Жұматайқызы Л.  Оралмайтын Оралхан…//Қазақ  әдебиеті.- 2007.-5 қазан.-7б.                                                                        

          16. Кемелбаев А.  Оралхан Бөкеев әңгіме жанрында //Абай.- 2002.-  № 4.-70-72б.                                                                               

          17. Кемелбаева А.  Ардақ: Оралхан Бөкеев прозасындағы мифологиялық сарындар //Алтын Орда.- 2004.-30қаңтар.                                                  

          18. Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы VІІ республикалық  байқауын өткізудің тәртібі//Жас Алаш.- 2004.-19 тамыз.                                    

          19. Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ҮІІІ республикалық   байқауын өткізудің тәртібі//Ана тілі.- 2005.-7 шілде.                                     

          20. Қаңтарбаев Ә.  Өр Алтайдың ойында, Оралханның тойында: Оралхан Бөкей-60 //Қазақ әдебиеті.- 2003.-24қазан.                                               

          21. Құттымұратұлы Қ.  Оралханның белгісіз махаббаты: Оралхан Бөкей күнделігі   туралы //Жас Алаш.- 2003.-20 қыркүйек.                                  

          22. Мұртаза Ш. Оралхан Бөкей еске түскендегі елес пен ойлар//Жұлдыздар отбасы.- 2011.- № 17.-Б.39.                                             

          23. Нұрсұлтанқызы Ж.  Оралхан Бөкей шығармаларындағы бейвербалды омонимдер //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2007.-№ 11.-75-78б.                               

          24. Омарова Д.  Халықтық тіл мен әдеби тілдің байланысы //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2009.- № 12.-18–25 б.                                 

          25. Оңғарсынова Ф.  Дүниеден ерте кеткен дарынды жазушы, қаламдас бауырым  Оралхан Бөкеевтің рухына //Атамекен.- 2012.- 23 ақпан.-Б.6.              

          26. Оңғарсынова Ф.  Түркілердің, Өр Алтай, төркіні едің //Егемен Қазақстан.- 2011.- 16 мамыр.- Б.5.                                    

          27. Сығай Ә.  Ой түбіндегі Оралхан //Дала мен қала.- 2012.- 16 қаңтар.

-Б.10–11.                                                                                

          28. Сыдықов Т. Мұзтаудың мұзбалағы: Оралхан Бөкеевтің шығармашылығы //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2004.-N5.- 86-94б.                                     

          29. Тоқсанбай Қ.  Оралхан оқулары //Егемен Қазақстан.- 2010.- 1қазан.-Б.9.                                                                               

          30. Төлеуов С.  Бұлт ұйықтаған ұжмақ жер: [Ор-ағаң мінген ақбоз ат…] / /Алтын Орда.- 2009.- 2-8шілде.-18–19 б. 

         31 Шарабасов С. О.Бөкеев әңгімелері құрылымын фольклорлық сарындар// Ізденіс..-2000.-№ 4–5.-22-26б [Гуманитарлық ғылымдар сериясы ]                                       

 

Интернет қамбалар

Оралхан Бөкей фотосуреттері

https://www.google.com/search?q=%D0%BE%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%85%D0%B0%D0%BD+%D0%B1%D3%A9%D0%BA%D0%B5%D0%B9&biw=1517&bih=693&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=JMFlU8HvB8i34ATFiIEQ&sqi=2&ved=0CCgQsAQ

Уикипедия ашық энциклопедиясына Оралхан Бөкей туралы

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%85%D0%B0%D0%BD_%D0%91%D3%A9%D0%BA%D0%B5%D0%B9

Тау тұлға Оралхан Бөкей

https://www.youtube.com/watch?v=ZSwgehbKzOk

Оралхан Бөкей шығармалары кітабы электронды түрде

http://adebiportal.kz/catalog/book/oralkhan-b-key-shy-armalary-1-tom/

ОралханБөкей туралы kaztube сайтында

http://kaztube.kz/kz/video/69883

Біртуар Азамат Оралхан Бөкей

http://massaget.kz/blog/10789

Оралхан Бөкей-70 Қара сөздің қаймағын қалқыған қазақ әдебиетінің тарландарының бірі Оралхан Бөкейдің туғанына 70 жыл толу

http://baq.kz/regional_media/post/35123

Акцияға таңдалған Оралхан Бөкей

http://lib.ukgu.kz/kz/aktsiya-odna-strana/651-oralkhan

Өмірі мен шығармашылығы

http://bibl.tarmpi.kz/images/stories/download/oralhanbokei.pdf

facebook  сайтында Оралханның шығармалары

https://www.facebook.com/pages/%D0%9E%D0%91%D3%A9%D0%BA%D0%B5%D0%B9-%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B/147877251998090

Оралхан Бөкейдің нақыл сөздері

http://www.massagan.com/danasozder.php?mod=index&start=300

Оралхан Бөкейдің туғанына 65 жыл толуына байланысты презентация

http://ru.calameo.com/read/002530169e4e35567e2b1


Келулердің саны: 9689