Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Туғанбай Аманкелді

Туғанбай Аманкелді Нөкербайұлының Қысқаша шығармашылық өмірбаяны

         Мен 1942 жылдың 21 маусымында Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы, Калинин селолық Кеңесіне қарасты Жамбыл колхозында туыппын. 1949 жылы аталған колхоздың бірінші сыныбының табалдырыған аттадым. 1960 жылы Ақтоғай селосы орталығындағы Ә.Бөкейхан атындағы орта мектепті, 1971 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің филология факультетін аяқтадым.

ауданымыздың экономикасы мен мәдениетіне т.б. арналған 200-дей жазбаларым жарық көріпті. Осылардан сұрыптап алынғандарын кейбір жинақтарға енгіздім. Мысалы: „ Тобықты шыңғыстау шежіресі„ атты 6 томдықтың 3-6-шы томдарының „Әйгілі адамдар, елеулі есімдер„ деп аталатын бөліміне бұрын еш жерде жарияланбаған 70-ке тарта деректер енгіздім. Сондай-ақ „Қарағанды облысы эциклопедиясы„ авторларының санатындамын.

   Ғұмырымның қызықты да қызулы күндерін құрайтын 25 жылым киелі білім ордасы мектепте жас ұрпақ тәрбиесіне арналды. Сол жылдары озат-жаңашыл ұстаз ретінде Республикалық семинарлар мен педагогикалық оқуларға жиі қатыстым. Солардың біреуіне мысал: 1991 жылы Жезқазған қаласында өткен педагогикалық оқуда Ш.Айтпамов шығармаларына арналған „Баспасөз конференциясы„ атты сабағым бірінші орын иеленді.

         Өзіме жеңімпаз ретінде „ Қазақ ССР оқу-ісінің үздігі„ атағы беріліп, мақтау қағазымен марапатталдым. Жаңашыл ұстаз ретінде Атырау облысы, Махамбет ауданы, „Алға„ орта метебінің директоры, әдебиетші, ССРО және ҚазССР-ның халық мұғалімі Құсиын Айтқалиевтың авторлық мектебіне мүше болып қабылдандым. Сол жылдардан бастап осы мектептің әр облыста өтетін семинар сабақтарына белсене қатыстым. Озат тәжірибені мектеп өміріне енгізу мақсатымен Одаққа танылған жаңашыл- новаатор педагогтар Аманашвили, Ильин, Шаталов, Бітібаева, Айтқалиевтердің іс-тәжірибесін насихаттау мақсатымен өзім сабақ беретін Ә.Бөкейхан мектебінің ұстаздарына арналған „ Қазіргі сабақтың жаңашылдық сипаты„ атты екі жылдық курс ұйымдастырып, өзім жетекшілік еттім. 1990-1991 жылдары Жезқазған қаласындағы мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында екі жыл қатарынан бір-бір жетіден   „ Стандартты емес„ сабақтың түрлерінен практикалық сабақтар өткізіп лекция циклын жүргіздім.

Осы жинақталған тәжірибе негізінде 1996 жылы 5-6-7 сыныптарға арналған „Әдебиеттік„ оқу мәтіні бойынша тұсіндірме сөздік„ атты 397 беттік 3 бөлімді еңбек дайындаған едім. Жезқазған облысының тарап кетуіне байланысты еңбек жарық көрмеді. Тек, 18 жылдан соң ғана Алматыдағы „Атамұра„ баспасынан 2014жылы жарық көрді.

Шығармашылық жұмыстармен осы ауданымызда өтіп жататын рухани-мәдени шараларға да қал-қадірімше ат салысып келемін. М: Қараменде биге 300, Нарманбетке 150, Күләшқа 95 жыл, Шашубайға 150 жыл және Серік Ақсұңқарұлының елу жасқа толуына орай баспасөзде көлемді материалдар жариялап, осыларға арналған салтанаттарда баяндама жасадым. Ақтоғай ауданының „ Құрметті азаматы„ атағын беру жөніндегі комиссияны, „Шығармашылық топты„ басқарамын. Аудан өміріне „Мәдени мұра„ бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жасауда бастамашы болдым. Осы есіммен аталатын қоғамдық кеңестің мүшесімін.

         Сондай-ақ Нарманбеттің 150, Ә.Бөкейханның 145-150 жылдығына арналған ғылыми-практикалық 8 конференцияға қатыстым. Осы конференцияларға арналған төмендегі жинақтарда мақалаларым, зерттеулерім жарияланды.

Еңбек жолдарым

1. 1960.07.09-1962.09.09 Ақтоғай аудандық жол бөлімінде тракторшы.

2. 1962.09.09-1964.03.16. Ақтоғай селолық Кеңесі жанындағы Әскери-Есеп Столының бастығы.

3. 1964.03.16-1964.10.31 Ақтоғай аудандық Кеңес атқару комитетінде нұсқаушы.

4. 1964.11.01-1966.02.14 Ақтоғай аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі.

5. 1966.02.15-1972.10.15 Ақтоғай аудандық партия комитетінде нұсқаушы.

6. 1972.11.04-1996.09.30 Ә.Бөкейхан мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

7. 1993.09.33-1996.05.23 Ақтоғай аудандық Тіл комитетінің бастығы.

         1996 жылдан зейнеткер.

Әдебиеттер тізімі:

1. „Нарманбет„, 1998 жыл, Қарағанды „Болашақ-Баспа„

2. „Нарманбет Орманбетұлы„ (Кер заман) Алматы, „Алаш„ баспасы, 2004 жыл.

3. Нарманбет Орманбетұлының 2 томдық шығармалар жинағы. Алматы, „Қазақпарат„ 2013 жыл.

4. „Нарманбет„ Сарыарқа сериясымен. 2013 жыл, Астана, „Полиант„ баспасы.

    Мезімді басылымдар жинағы

1. Аманкелді Туғанбай

2.Тоқырауын көтерілісі 


Келулердің саны: 2372