Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Серғазы КЕНЖЕҚАРАҰЛЫ

Хатыңыздағы осы шежірені жинақтап, жарыққа шығарушы Серғазы КЕНЖЕҚАРАҰЛЫ 1950 жылғы 15 мамырда Ақтоғай ауданында туылған 1967 жылы Балқаштағы № 2 қазақ орта мектебін бітрген. Қарқаралы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын Ақмола ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған.

ұзақ жылдардан бері ауылшаруашылығы және басқару салаларында еңбек етіп келеді. 2000 жылдан Қарағанды облыстық еңбек және халықты алеуметтік қорғау департаменті бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы.

Серғазыда арғы аталарынан келе жатқан емшілік қасиет те бар. Орталық Қазақстан емшілері Орталығы ұлттық емді қалданушы бакалавр-халық емшісі атағын берген.

Зайыбы Мағираш екеуі 7 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.

Әкесі Кенжеқара Жүкіжанұлы (1911 — 1991 жж) мен анасы Кәмпитбала Тохметқызы (1924 — 1989 ж.) елге сыйлы адамдар болды. Кенжекең ұзақ жылдар шаруашылық. партия, кеңес орындарыңда қызмет атқарғаң ел басқарған. ата-баба дәстүрін берік ұстаған зерделі азамат ретінде танылған. Осындай шежірені жинақтап, ұрпаққа ұсынуға әлденеше рет әрекет жасаған Әкенің Аллаһ қолдар, әруақ жебер ойын баласы іске асырып отыр.

 

Әдебиет:

  1. Дадан Тобықты (өмір) шежіресі. Жезқазған, «Полиграфия» ААҚ ,2002.-283 б. Құрастырушы және шығарушы: Серғазы Кенжеқараұлы


Келулердің саны: 2643